ТҰРАН АУДАНЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
ТҰРАН АУДАНЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ БАЛАЛАР ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ
06.07.2023 12:15
37
0

Бүгін Тұран ауданында да жағымды жаңалықтардың лебі есті. Астана күні мерекесі қарсаңында ауданда 3 балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді.
Құрылыс жұмыстары 1 ай көлемінде жүргізілді, Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы нысандарды аралау барысында мердігер мекемелерге ойын алаңшасының құрылысы сапалы, әрі дер кезінде орындалуын тапсырған болатын.

Міне бүгін міне межеге сай Мангельдин көшесі № 36 үйдің ауласында балалар ойын алаңшасы салтанатты түрде аудан тұрғындарымен бірге қуанышты көңіл-күйде ашылды.
Сонымен қатар, Исмаилова көшесі №24 үй және Арғымақ елдімекеніндегі балалар ойың алаңшалары да балалар үшін қолдану игілігіне берілді.

Тілге тиек етер болсақ, елімізде халықтың мемлекеттік қаржыны басқару мен бақылауға қатысуына бағытталған бастамалар қолға алынған. Соның бірі – «Халық қатысатын бюджет» жобасы.

Шымкентте аталған жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр. «Халық қатысатын бюджет» жобасымен 2021 жылдан бері аудан әкімдіктерінде халықтың қатысуымен жаңадан балалардың ойын, спорт алаңшалары, демалыс аймақтары ашылды. Қазақстан Республикасы 2050 жылға дейін кезең-кезең мен жаңа міндеттерді шешу прин­ципі маңызды деп көрсетілген. Бірінші, бюджет саясаты. Мемлекет бюджеті ұзақ мерзімді перс­пектива тұрғысынан қарағанда өнімді, мә­се­лен экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту секілді жалпыұлттық жобаларға бағытталуы тиіс – деп көрсетілген.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір