ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
26.11.2025 11:56
50
0

Тұран ауданында тұрғындардың қауіпсіздігі мен күнделікті қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Әсіресе жаяу жүргіншілерге арналған нысандарды жаңарту бағытында нақты нәтижелер көрініс тауып келеді. Соның бірі – Темірлан тас жолы бойындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін қалпына келтіру жұмыстарының басталуы.

Бұл өткел аудан бойынша халық көп пайдаланатын маңызды нысандардың қатарында. Уақыт өте келе плиткалардың бүлінуі, кей бөліктерінің жарылуы мен қозғалып кетуі тұрғындарға қолайсыздық туғызған еді. Жөндеу жұмыстарының басталуы — осы мәселелерді дер кезінде шешуге жасалған маңызды қадам. Тұран КММ мамандары алдымен тозған аумақтарды толық аршып, қауіпті тұстарды бөлектеп алып тастады. Ескі, жарылған немесе орны нығыздалмаған плиткалар түгелдей алынып, олардың орнына сапасы жоғары, берік әрі сырғанауды азайтатын арнайы төсемдер төселіп жатыр.

Жаңартылған төсеніштер өткелдің жалпы пайдаланылу мерзімін ұзартумен қатар, оның қауіпсіздік деңгейін күшейтеді. Ауыр салмаққа шыдамды материалдарды қолдану — жаяу жүргіншілердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған шешім. Сонымен бірге жөндеу жұмыстары тек өткелдің үстіңгі бөлігімен шектелмей, айналасындағы жаяу жолдар мен қозғалысқа әсер ететін инфрақұрылым элементтерін де қамтып отыр. Бұл аумақты толық ретке келтіруге мүмкіндік береді.

Темірлан тас жолы — қаладағы көлік қозғалысы ең көп бағыттардың бірі. Сондықтан жер үсті өткелінің сапасы мен беріктігі тұрғындар қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін аудан тұрғындарына бұрынғыдан да ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай жасалмақ. Жаңғыртылған өткел жаяу жүргіншілер легін реттеуге, жолдағы қауіпсіздікті күшейтуге және жалпы қалалық инфрақұрылымның сапасын арттыруға елеулі үлес қосады.

Аудан әкімдігі инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыруды көздеп отыр. Жаяу жүргіншілерге қолайлы орта қалыптастыру, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету және қоғамдық кеңістікті жаңғырту — Тұран ауданында тұрақты түрде жүзеге асып келе жатқан басым бағыттардың бірі. Алдағы уақытта да осындай жұмыстар қарқынын бәсеңдетпей, тұрғындар қажеттілігіне сай жалғасатыны атап өтілді.

Әсет Назар
Тұран ауданының тұрғыны

0 пікір