ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
30.11.2021 14:36
140
0

Жетінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті он бірінші сессияға ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен мәжілісі болып өтті. Тұрақты комиссияда мәслихат хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы төрағалық етіп, бірлескен мәжілісте депутаттар күн тәртібіндегі төрт мәселені талқылады.
Олар:
1. «Мемлекеттік - жекешелік әріптестік жобалары бойынша міндеттемелерді қабылдау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы №41/329-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныс енгізу туралы.
4. Шымкент қаласы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері мен аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты. Бірлескен Мәжіліске қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасап, биылға үнемделген бюджет қаржыларын қайтарып және керекті қаржылары бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде депутаттар бір қатар сауалдар қойып, шешім жобасы кезекті он бірінші сессияға ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік кезекті он бірінші сессия, ағымдағы жылдың 30 – Қарашасы күні сағат 15:00 де Шымкент қаласы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтеді.

 

0 пікір