ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТЕТТІКТЕРІ
ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ТЕТТІКТЕРІ
20.05.2024 15:02
31
0

        Кез келген мемлекетте тұрғын үй мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып саналады, себебі, азаматтарының әлеуметтік игілігі олардың тұрғын үймен қамтылуына тікелей байланысты.  "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық табыстың түрлі деңгейіне сай келетін бірыңғай тұрғын үй саясатын әзірлеуді тапсырды. Үш жыл ішінде кезекте тұрған аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру мәселесін шешу қажет, ал тұрғын үй сатып алу үшін табысы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға беру жағдайында тұруға мүмкіндік беру қажет.  

        Тұрғын үйге деген сұраныс жыл сайын артпаса, кемімейтіні рас. Дамудың даңғыл жолына түскен еліміздің басты міндеті – бәсекеге қабілетті мемлекеттермен иық тіресетін дәрежеге жету. Тұрғындарды баспанамен қамтып, халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту – өркендеу жолындағы маңызды бетбұрыс. Өзгенің табалдырығын тоздырып, баспанасыз күйде жүргендер аз емес. Баспана тапшылығы әлеуметтік әлсіреудің алғышарты болып отырғаны да өзекті мәселе.
Оған қоса жалдамалы пәтердің өзі қолжетімсіз болып бара жатқан уақытта үй сатып алу немесе бір жалақымен ипотека алу жолын қарастыру машақат. Шымкентте сатып алу құқығынсыз жалдамалы баспамен қамтылған жалға алушылармен келісімшартты біржақты бұзу мәселесі қаралып жатыр.Сондай-ақ, қалалық тұрғын үй басқармасы мен учаскелік полиция қызметкерлері мониторинг барысында 189 орам №20 үйдің екі пәтері мақсатсыз пайдаланғанын анықтады. Жалдау шартына сәйкес пәтерді үшінші тұлғаға беруге тыйым салынады. Жалға алушылар белгіленген мерзім аяқталғанша мақсатты пайдалануды жүзеге асырмаса, тұрғын үйден шығару жөнінде сот органдарына талап арыз беру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде қаламызда жалпы, 50 314 азамат тұрғын үй кезегінде тұр. Өткен жылы 519 арендалық пәтер кезекте тұрған халықтың әлеуметтік осал тобы, көпбалалылар, жетім балаларға, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне және 900 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға табысталды.

      Айта кетейік, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді жалдау шартының талаптары сақталуы міндетті. Бұл бойынша қаламызда  мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отырады.

         Мемлекет тарапынан халықты баспанамен қамту үшін көп бастама жүзеге асуда. Президент бұл түйіткілді мәселені жою үшін тұрғын үй құрылыстарын тежеуге болмайтынын, сапалы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді жергілікті әкімдіктер мен Үкіметке тапсырды. Жалдамалы пәтерлерлер инвесторлар үшін жақсы пайда көзі. Дегенмен баспана қолжетімді бағада, қымбат болмауы күн тәртібінен түспесе игі. Баспана – бас ауруы. Алайда қол қусырып, бар күшті мемлекетке артып қойып, бейқам өмір кешуге болмайды. Халықтың үкілеп үміт артқан бағдарламалары дұрыс бағытта жүзеге асып, көпшілік игілігіне уақытылы беріліп жатыр.

0 пікір