ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА 13 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТЫН ТАРТУ ЕТТІ
ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТІК ЕРІКТІЛЕР ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАҒА 13 ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТЫН ТАРТУ ЕТТІ
30.07.2020 16:26
215
0

    Еліміздегі коронавирус індетімен халқымыз жұмыла күресіп, әр өңірдің қайырымды жандары қолдан келген көмектерін аямауда. Бүгін Бәйдібек ауданындағы Шаян көпсалалы лицей жалпы орта мектебінің 1999 жылы бітірген түлектерінің ұйымдастыруымен «Шұғыла» қоры арқылы орталық ауруханаға 13 оттегі концентратын сыйға тарту етті. Арнайы поштамен келген 13 жасанды тыныс алу аппаратын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев қабылдап алып, орталық аурухананың бас дәрігерінің уақытша міндетін атқарушы Батыр Айтуаровқа табыс етті.
   Туған жері мен елі үшін сауапты іс жасаған аудан түлектеріне аудан басшылығы мен дәрігерлер қауымы алғыс білдірді.

 

Дереккөз:Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір