Түркістан: Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді
Түркістан: Германия және Украина елдерінен гуманитарлық көмек келді
20.08.2020 11:56
182
0
 

     Түркістан облысына Германиядан және Украинадан гуманитарлық көмек келіп жетті. Көмек медициналық бетперде, меропенем, левофлоксацин секілді аса қажетті заттардан тұрады. Келіп жеткен дәрілік заттарды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері мен дәрігерлер қабылдап алды. Жалпы саны 4000-нан асатын медициналық препараттар мен қорғаныш бетперделері қажеттілігіне қарай ауруханалар мен емханаларға таратылатын болады. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алмас үшін, барлық препараттарға «тегін» деген жазуы бар арнайы мөр басылады. Бұл шаралар облысымызда коронавирустың таралу жағдайы азайып, ақуал тұрақталғанша жалғаса бермек.
 

Дереккөз: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 
 
 
0 пікір