Түркістан: Жетісайда мақта терім науқаны басталды
Жетісай ауданы Талапты ауылының тұрғыны "Алтын" шаруа қожалығының төрағасы Ауашов Қуанышбек өзінің иелігіндегі 15 гектар аумақтың бүгінгі таңда 5 гектарын арнайы терім машинасымен жинап, одан 11 тоннадай мақта алып үлгерген.
"Биыл мақта жинауды ертерек бастап отырмыз. Бұл өз кезегінде өнімді жерде қалдырмай толық жинап алуға өз септігін тигізеді. Арнайы комбайнмен мақтаны жинау қол теріміне қарағанда тиімді.
Бұйырса алдағы 2-3 күнде бірінші терімді толық жинап боламыз",- дейді шаруа қожалығының төрағасы.
Айта кетерлігі, былтыр аудан бойынша 46 655 мың гектарға мақта егіліп, одан 122 мың тонна өнім алынған.
Биыл Жетісай ауданы бойынша мақта егілген жерлер 48 943, 8 мың гектарды құрайды. Одан алынатын өнім шамамен 125 мың тонна болады деп күтілуде.
Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Көп оқылғандар
АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫН ҚОЛДАЙДЫ
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІНІҢ ДАМУЫН ТЕКСЕРДІ
ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ШЫМКЕНТКЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
ГОСПИТАЛЬДЫҚ ФАРМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ
«BIR TOLQYNDA» АЛАҢЫНДА ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАСТАРЫНА АРНАЛҒАН БАСЫМДЫҚТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ