ТҮРКІСТАН: «НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» «ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ», «ВАНДАЛИЗМ» ЖАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
ТҮРКІСТАН: «НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» «ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ», «ВАНДАЛИЗМ» ЖАЙЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
03.06.2024 15:48
22
0

             Нашақорлық – қоғам дерті. Нашақорлықпен күресу бір немесе бірнеше адам оңай жеңетін нәрсе емес. Теріс бағыттағы, жалпы әлем бойынша ауқымды мәселелердің бірі. Көптеген адам бұл мәселеге атүсті қарайды. Әсіресе, жастар арасында белең алған бұл ауру өз өршуін тоқтатар емес. Бұл жерде түрлі мамандар, ата-аналар,қоғам белсенділері, сіздер мен біздер әрбір Қазақстанның азаматы тысқары қалмауы керек. Ғасыр індетімен күресу, оның жайылуына қарсы тұру біздің міндетіміз. Дүниедегі ең құнды, ең бағалы зат – ол сенің өмірің. Сенің өмірің, сенің амандығың, сенің жарқын әрі айқын болашағың өз қолыңда! Дұрыс таңдау – жарқын болашаққа бастар көпір және бақытты өмірдің айнасы. 

 Нашақорлық мәселесіне назар аудару, жастардың есірткіге теріс көзқарасын қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев Түркістан ҚПБ-ның ЖПҚ-нің УПИ-ы полиция аға лейтенанты Ш.Сламхан ҚПБ-ның ЖПҚ-нің УПИ-ы полиция аға лейтенанты Ж.Кенже колледж студенттеріне түсіндіру жұмыстары мен кездесулерді үнемі өткізіп келеді.
Қазіргі таңда заманауи технологиялардың дамуына байланысты интернет-алаяқтық жайттарының да саны артуда. Интернет алаяқтықтың тым көбе­йіп кетуі қоғамдық резонанс туды­рып отырғаны да белгілі. Қазақ­стан­да бұл қылмыс түрінің ең көп та­ралған тәсілдерінің бірі – интер­нет­­тегі түрлі хабарландырулар бо­йын­ша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу. Бүгінде интернет алаяқтықтардың жартысы дәл осын­дай жолмен жасалған. Осы орайда азаматтардың қаржылық білімін арттыру және қаржылай қауіпсіздігін қамтамасыз ету түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
              Елімізде ескерткіштерді қирату,түрлі нысандарды бүлдіру, сындыру фактілері жиілеген. Әйнегі сынып, төбесі опы­рыл­ған аялдамалар мен қоқыс салғыш­тың сұрықсыз күйін қазір еліміздің кез келген қаласынан кезік­тіруге болады. Тіпті күндіз-түні күзеті­летін нысандардың да орындықтары сынып, жол сіл­тейтін көрсеткіштері мен ескерту тақ­тайшалары бұзақылардың «құрбанына» айнал­ған.   Сондай-ақ,  «вандализм» ұғымына кіретін әрекеттерді көп жағдайда жастар қауымы жасап жатады. Вандализм көбінесе үрейден, қаттылықтан, қозудан, агрессиядан болады. Яғни қандай да бір бойдағы агрессия ошақтарын қандырушы әрекет ретінде есеп­теледі.  Соңғы кездері жасөспірімдер арасындағы вандализм өршіп тұр. Бұндай әрекетке жасөспірімдер өз қатарластарының назарын аудару үшін баруда. Вандализм өркениеттің қас жауы, қоғамның қасіреті. Себебі вандализм салдарынан қоғамның дамуы кері кетеді. Сондықтан вандализмге қолданар шара да қатаң. Бүгінде бүлдіргілерді анықтайтын шаралар жүйелі түрде жүргізілуде.  

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталып: «Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекеті үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Жеңіл жаза жарамайды. Ал іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керек», – деген еді. Айта кету керек, Конституцияда әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 448-бабы бойынша кәмелетке толмаған адам мемлекет қорғауындағы ғимарат, тарих және мәдени ескерткіштерді, қабірді сурет салып, қорласа, қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірсе, ата-анасы не оларды алмастыратын адамға 15 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады. 203-бап бойынша қазақстандық азамат табиғи кешенді немесе мемлекет қорғауға алған объектілерді, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана бүлдірсе, 3-7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы тиіс.

Демек адамдық тұрғыдан да, құқықтық тұрғыдан да вандализм құптарлық іс емес. «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген бабалар даналығына қарап, озық ұлттан бұрын аты биік адам болуға ұмтылуымыз керек-ақ…

0 пікір