Түркістан: Негізгі капиталға 260 млрд теңге инвестиция бағытталған
Түркістан: Негізгі капиталға 260 млрд теңге инвестиция бағытталған
28.09.2020 11:59
221
0

ТҮРКІСТАН: НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА 260 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ БАҒЫТТАЛҒАН

 Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 260 млрд.тенге құрады. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 28%-ға өскен. Аталған соманың 41,5%-н жеке инвестициялар құрап отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Иса Құдабеков мәлімдеді.
  «Өңірде Түркістан облысының 2020-2024 жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулы құрылған. Мұның аясында 1,8 трлн. теңге сомаға 201 жоба қолға алынып отыр. Бүгінгі күні 2020 жылғы жобалардан 31,5 млрд.теңге сомасына 9 жоба іске қосылып, 407 жұмыс орны құрылды. Ал шетелдің қатысуымен 25,8 млрд. теңге сомасына 2 жоба жүзеге асырылып, 160 жұмыс орны ашылды», - деді басқарма басшысы.
  Айта кетерлігі, аймақта облыс әкімінің басшылығымен стратегиялық сипаттағы инвесторлардың мәселелерін қарайтын инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік кеңес жұмыс істейді.
  Сондай-ақ, облыста инвестициялар тарту және экспортты дамыту жөніндегі "Turkistan Invest" өңірлік агенттігі жұмыс істейді. Ол инвесторлар үшін фронт-офис қызметін атқарады және "бір терезе"қағидаты бойынша қолдау көрсетеді. 2020 жылы жүзеге асқан 9 жоба "Turkistan Invest" агенттігінің тікелей сүйемелдеуімен іске қосылған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір