2025 жылдың 9 желтоқсанында Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес жоспарлы отырысын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерді қарады. Жиынды кеңес төрағасының міндетін атқарушы Керімхан Жанысұлы жүргізді.

Күн тәртібіндегі негізгі бөлім облыстың қаржылық жоспарларына арналды.
- 2025–2027 жылдарға арналған облыстық бюджет,
- 2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобасы,
- облыстың 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары,
- аудандық және қалалық бюджеттермен трансферт көлемдерін айқындау туралы құжаттар бойынша кең көлемді ақпарат ұсынып, алдағы жылдарға жоспарланған негізгі шығындар мен басым бағыттарды таныстырды.

Жиын барысында сонымен қатар 19 мәселелер талқыланды:
- Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету жайлы ақпарат ұсынылды.
- Түркістан қаласының бас жоспарының негізгі бағыттары таныстырылды.
- «Төлеби» және «Түркістан 2» өңірлік индустриялық аймақтарын құру туралы қаулы жобалары қаралды.
- Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және су аймақтарында демалыс орындарын белгілеуге қатысты құжаттар ұсынылды.
- Стационарлық емес сауда орындарын орналастыру және олардың жұмыс тәртібін бекітуге арналған қағидалар талқыланды.
- 2026 жылға жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы жоба қаралды.
- Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер саласына өзгерістер енгізу туралы құжаттар ұсынылды.
- Туризм басқармасының ережесіне енгізілетін толықтырулар таныстырылды.
- Құрылыс саласы бойынша бұған дейін берілген ұсынымдардың орындалуы туралы есеп тыңдалды.
- Ауыз суды өрт сөндіру мақсатында пайдалану кезіндегі шығындарды өтеу тәртібін айқындайтын мәслихат шешімінің жобасы мақұлданды.
- Ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік аймақ белгілеуге қатысты өзгерістер таныстырылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері талқыланған барлық мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Олар жұмыс тиімділігін арттыру, бюджеттік жоспарлаудың нақтылығын күшейту, салалық бағдарламаларды жетілдіру және жобалардың орындалу сапасын бақылауды жақсарту бағытындағы сын-ескертпелерін жеткізді.

Жиын соңында қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Керімхан Жанысұлы кеңес құрамына жаңадан қабылданған Әмірдин Мұхиденұлы, Зуппархан Чалдано, Нәзипа Дарханбайқызына мүшелік куәліктерін табыстады.

+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru