ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 90 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ 90 ПАЙЫЗҒА ЖУЫҚ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ
02.03.2022 16:30
91
0
 
Түркістан облысында биыл жыл қорытындысымен 472 елді мекен (56,1%) немесе 1 млн 407 мың (68,8%) тұрғын табиғи газбен қамтылады. Сонымен қатар, «Түркістан облысын 2025 жылға дейін табиғи газбен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына» сәйкес, 2025 жылы 722 елді мекен (85,8%) немесе 1 млн 791 мың (87,6%) тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады. Бұл туралы бүгін брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді.
Сондай-ақ, оның айтуынша былтыр жыл қорытындысымен облыстағы 841 елді мекеннің 717-і ауыз сумен қамтамасыз етіліп, қамту деңгейі: қалаларда – 99,4 %-ға, ауылдық елді мекендер – 93,3 %-ға жеткен.
«Облыс елді мекендерін 100% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, «Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарына» сәйкес, облыстағы 124 елді мекенді (103,3 мың халық) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деді Бақытжан Әнуарбекұлы.
Бұдан өзге, облыс бойынша 841 елді мекеннің 825-і орталықтандырылған электр желісімен (99,9%), 16 елді мекен дербес электр қондырғыларымен қамтылған. Облыста жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында қуаты 220,1 МВт болатын 20 жоба іске асырылды.
0 пікір