ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРНЫНА САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРНЫНА САНИТАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛГЕН
28.10.2025 16:15
15
0

Облыс аумағында қоғамдық тамақтану орындарында тағамнан улану бойынша соңғы 3 жылда 6 жағдай тіркеліп, 200-ден аса адам зардап шеккен. Осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент тарапынан ұдайы тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл брифингте Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Бекболатұлы мәлімдеді.

«Биыл Түркістан қаласында орналасқан «Ямми Маки» фаст-фуд орталығынан пицца, суши, тауық тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған 68 адам зардап шегіп, қоғамдық тамақтану орны жабылған. Алайда, жеке кәсіпкер тапсырыспен халыққа қызмет көрсетуін тоқтатпаған. Қаладағы Нышанов көшесі №1А мекенжайындағы осы нысанда екінші рет тамақтан улану жағдайы тіркелді. Жалпы зардап шеккендер саны - 14 адам. Науқастардың барлығы пицца, суши тағамдарын тапсырыспен үйге алдыртып тұтынған. Орын алған жағдайларға байланысты облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары тарапынан нысандарға жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталмай өрескел кемшіліктерге жол берілгендігі анықталды. Қазіргі таңда нысан жабылып, полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалған. Сонымен қатар, департамент тарапынан 919 тамақтану орнына профилактикалық бақылау жүргізілген» - деп баяндады спикер.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

0 пікір