Түркістан облысында 51,4 млрд. теңгені құрайтын 478 жоба бар
Түркістан облысында 51,4 млрд. теңгені құрайтын 478 жоба бар
07.12.2020 13:54
240
0

Түркістан облысы қаржыландырылған жобалар саны бойынша көшбасында тұр. Бұл туралы кәсіпкерлік жөніндегі аймақтық жобалық кеңес отырысында мәлімденді. Кеңес отырысы облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен өтті. Жиын барысында Екінші деңгейлі банктер мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалдарының басшыларымен "қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы 2025" жеңілдетілген несие беру мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Айта кету керек, бүгінде Жобалық кеңсенің үйлесімді жұмысы нәтижесінде 24,4 млрд. теңгеге 264 жоба түрлі қаржы институттары тарапынан несиелендірілген. Жалпы кеңсе тарапынан әзірленген пул құрамында 51,4 млрд. теңгені құрайтын 478 жоба бар.

Облыс әкімінің орынбасары жиын барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өңірлік филиалдары мен екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету аясында белсенділіктері төмен екенін атап өтті. Қаржы институттарының басшыларына кәсіпкерлік субъектілерін уақтылы қаржыландыру бойынша жұмысты күшейту және жандандыру тапсырылды.

Сондай-ақ, мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына енгізілген өзгерістерді кәсіпкерлік субъектілеріне уақтылы жеткізуде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтілуі жайлы айтылды.

 Дереккөз: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

 


Сұрақ, шағым, арыздар бойынша бізге хабарласыңыз: 
Сілтеме: Адалдық үшін бірге күресетін боламыз!  

  ҰҚСАС ТАҚЫРЫПТАР:

1. "Қазақфильм" киностудиясы 100 млн. теңге үнемдейтін болды
2. Қазақстан «Балалар Евровизиясы» ән байқауында екінші орын алды
3. Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі үш жыл ішінде 2 млн гектарға дейін ұлғайтылады
4. Түркістанның негізгі капиталына 400 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
5. Мемлекеттік бағдарламамен 3700-ден астам адам жеке кәсібін ашты

0 пікір