Түркістан облыстық Әділет департаменті өткен жылы азаматтарға 2 202 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Сондай-ақ, 8 929 жолданым түсіп, оның 7 913-і қаралса, 1 016-сы құзыреттілігіне қарай қайта жолданған. Бұл жайында департамент басшысының орынбасары Негина Қылышбаева брифингте мәлімдеді.
«Сондай-ақ, 2025 жылы 1 209 заңды тұлға бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өткен жылы департаментке нотариустардың іс-әрекеттеріне қатысты 36 тексеру жүргзіліп, 15 нотариус жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, департамент тарапынан жеке сот орындаушыларға қатысты 135 жоспарлы бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 111 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, 2025 жылы алимент өндіру санаты бойынша 23 275 құжат тіркеліп, оның ішінде 614 борышкерге іздеу жарияланды. Ал, 277 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. «Бос орындар» жәрмеңкесі өткізіліп, 84 борышкер жұмыспен қамтылды»,- деді департамент басшысы.
Сондай-ақ, облыс көлемінде былтыр 65 558 азаматтық хал актілері тіркелген. Тууды тіркеу бойынша – 45 724, қайтыс болу – 9 981, некеге тұруды тіркеу – 9 249, некенің бұзылуын тіркеу – 604. 2025 жылы цифрлық қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында ҚР Әділет министрлгі мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп, «AdiletGov» мобильді қосымшасы әзірленген. Қосымша арқылы азаматтар атқарушылық іс туралы ақпарат алуға, қаулылармен танысуға, берешек сомасын көруге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, шектеулерді тексеру, өтініш және шағым беру, онлайн төлем жасау мен сот орындаушы туралы ақпарат алуға болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru