ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Кентау қаласынның “Ынтымақ” орталық алаңында “Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі” ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін нарық бағасынан төмен бағамен ұсынды. Жәрмеңке барысында ет және сүт өнімдері, көкөністер, жеміс-жидектер және басқа да азық-түлік тауарлары сатылымға шығарылды. Нарық бағасынан 15-20 пайызға төмен бағада ұсынылған өнімдерге дауыс берушілердің қызығушылығы жоғары.
Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні сағат таңғы 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Көп оқылғандар
+7 (702) 435 3845
sayasat_akparat@mail.ru