Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қорғаныс саласындағы жұмыс сапары
Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қорғаныс саласындағы жұмыс сапары
29.01.2025 11:32
11
0

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жұмыс сапарымен барып, мекеменің қызметін жақсарту мен тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Кездесу барысында әскери міндеттерді орындау, азаматтарды уақытылы әскери қызметке шақыру және қорғаныс бағдарламаларын іске асыру мәселелері қаралды. Әкім қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласының даму перспективаларына ерекше көңіл бөлді.

Сондай-ақ, Әзімбек Пазылбекұлы басқарманың қызметкерлерімен пікір алмасып, әскери дайындық деңгейін арттыру, материалдық-техникалық жабдықтарды жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту мәселелерін қарастырды.

2024 жылы Түркістан қаласынан 546 азамат Қарулы Күштер қатарына шақырылып, жоспар артығымен орындалған. Бұл қорғаныс саласындағы тиімділіктің айғағы болып табылады.

Қала әкімі сапар қорытындысында қызметкерлерге нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта әскери қызметке шақыру, жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту басты міндеттер болып қала беретінін атап өтті.

0 пікір