ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ
24.05.2024 01:52
21
0

«Халық заңгері» республикалық акциясы алғаш рет 2013 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылды. Міне, содан бері еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған адамның құқықтық мәселесін шешуге мұрындық болған акция Қазақстан азаматтарына тегін заңгерлік көмек беріп қана қоймай, олардың құқықтық сауатын көтеруге де тәп-тәуір септігін тигізіп келеді. 

Білікті әрі сапалы заң көмегі қашанда үлкен сұранысқа ие. Алайда, екінің бірінің қалтасы көтере бермейтін мұндай құқықтық көмек қарапайым халыққа да қолжетімді болуы тиіс. Осы орайда, еліміздің әр аймағында «Халық заңгер» акциясының ұйымдастырылуы елімізді құқықтық мемлекет ретінде дамытудың, халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың алғы шарттарының бірі. Бұл акцияның мақсаты халыққа тегін әрі сапалы заңдық кеңес беріп, олардың құқықтық сауатын арттыру, жол сілтеу болып табылады. Жалпы, бұл жолы тұрғындардың көпшілігінің сауалдары түрлі әлеуметтік көмектер мен төлемдер жайында өрбіді. Акцияда сот актілерінің орындалуы, әлеуметтік қорғау, салықтық төлемдер мен жер дауларына байланысты сұрақтар жиі қойылды. Нәтижесінде, тұрғындар сапалы заңгерлік қызметке қол жеткізсе, өз кезегінде қызмет көрсеткен мамандар халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Қазақстан қалаларында «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды. Солардың бірі, 2024 жылдың 30 мамыр күні Түркістан қаласында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді.
         Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
         Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
         «Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды. Акция Түркістан қаласы, Фараб кітапханасында өтеді. Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.
         Айта кетейік, акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ болып табылады.

Әр адамның өмірінде заңгерлік көмекке жүгінуге тура келетін сәттер болуы әбден мүмкін. Бірақ, заңгер мен қорғаушының қызметін алу үшін едәуір қаражат керек болатыны да баршаға аян. Халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қоспағанда, күнкөрісі орташа дегендердің өзі кейде осындай қызметке жүгіне алмай жатады. Бұл акцияның негізгі мақсаты – жергілікті жұртшылыққа тегін заң көмегін көрсетіп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Кез келген азамат ең үздік мамандардан маңызды сауалдарына жауап алу мүмкіндігіне ие болмақ. 

Зайырлы мемлекетте өмір сүргендіктен, әрбір азамат өз құқықтарын білуі және оның бұзылмауын талап ете білуі тиіс. Қала тұрғындары құқықтық мәселе немесе дау бойынша кәсіби деңгейі жоғары тәжірибелі, беделді мамандардан толық көлемде қажетті көмек ала алады. Заңгерлер мәселе шешімі бойынша кеңес береді, ал мемлекеттік органдар азаматтарды қабылдайды. 

 

0 пікір