ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
28.01.2025 16:14
23
0

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына барып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаланың қорғаныс саласындағы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелер талқыланды.
Кездесу барысында әскери міндеттерді орындау, азаматтарды уақытылы әскери қызметке шақыру және қорғаныс бағдарламаларын іске асыру жолдары баяндалды. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласының даму перспективаларына ерекше назар аударды.
Әзімбек Пазылбекұлы Қорғаныс істері басқармасының қызметкерлерімен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, әскери дайындық деңгейін арттыру, материалдық-техникалық жабдықтарды жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту секілді маңызды мәселелер қаралды.
2024 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, Түркістан қаласынан 546 азамат Қарулы Күштер қатарына шақырылып, белгіленген жоспар артығымен орындалған. Бұл қорғаныс саласының тиімділігін көрсететін оң нәтиже екендігі атап өтілді.
Қала басшысы сапар қорытындысында қорғаныс саласының алдағы уақыттағы басымдықтарын анықтап, қызметкерлерге нақты тапсырмалар берді. Әкімнің айтуынша, азаматтарды әскери қызметке шақыру, жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету және әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту — басты міндеттердің бірі болып қала береді.
#turkistan

0 пікір