Түркістан: Сайрам ауданында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бірқатар нысан күрделі жөндеуден өтті
Түркістан: Сайрам ауданында «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында бірқатар нысан күрделі жөндеуден өтті
12.09.2020 10:48
211
0

 

Сайрам ауданының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйі «Ауыл – Ел Бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеуден өтті. Тозығы жеткен ғимарат толығымен жаңарып, жуырда пайдалануға берілмек. Нысан табиғи газ арқылы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ Сайрам ауданында аталған жоба аясында Ақсукент және Манкент ауылдарындағы 1 білім, 1 мәдениет және 1 денсаулық сақтау нысандары күрделі жөндеу жұмыстарынан өтті. Сонымен қатар екі ауылдық округтегі 10 жолдың орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Бұл - Мемлекет Басшысының Жолдауына орай, аудандағы мәдениет саласына жасалған зор қолдау.
Айта кетейік, күні кеше Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Аманкелдіұлы Сайрам ауданындағы іс-сапар барысында құрылысы аяқталған бірқатар нысандарды аралап, бақылау жүргізді.

 

Түркістан облысы әкімігің баспасөз қызметі

0 пікір