ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ 85 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА БИЫЛ 85 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
13.08.2020 17:56
188
0
 

    Түркістан облысы Сайрам ауданында жыл соңына дейін ішкі көшелердің 85,1 шақырымына асфальт төселетін болады. Қазіргі таңда аудандағы ішкі жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 55 пайызды құрап отыр. Жөндеу жұмыстарынан кейін бұл көрсеткіш 63,9 пайызға жететін болады.
    Айта кетейік, жалпы аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1276,3 шақырым болса, 862 шақырымына асфальт төселген. Оның ішіндегі 22 шақырымы республикалық, 162,1 шақырымы облыстық маңызы бар жолдарға жатады. Ал, 133,2 шақырым ауданаралық болса, асфальт төселген 544,7 шақырымы ауданның ішкі жолдарына тиесілі.

 

Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 
0 пікір