ТҮРКІСТАН - СУБҰРҚАҚТАР ҚАЛАСЫ

Түркістан қаласы саябақтар мен субұрқақтардың саны бойынша республикада алдыңғы қатарда.
Қазіргі таңда қала аумағында 100-ге жуық субұрқақ іске қосылып тұр. Әрбір субұрқақ өзіндік бірегей дизайнмен және стильмен ерекшеленеді. Олардың қатарында ұлттық нақышта жасалған үлгілер де, заманауи архитектуралық шешімдермен безендірілген туындылар да бар.
Қаламыздың сәнін кіргізіп тұрған субұрқақтарды қала қонақтары мен тұрғындары сағат 10:00-ден кешкі 23:00-ге дейін тамашалай алады. Кешкі уақытта түрлі-түсті жарықтармен көмкерілген субұрқақтар су шоуына айналып, ерекше атмосфера сыйлайды.
Субұрқақтар арқылы Түркістан тек тарихи-рухани ғана емес, сонымен қатар заманауи және жайлы қала ретінде қалыптасып келеді.
Көп оқылғандар
Тұран ауданында сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып келеді
Тұран ауданындағы көше жарығы тұрғындардың қауіпсіздігіне сенімді қадам
Тұран ауданында жол инфрақұрылысын жақсарту жұмыстары жүргізілуде
Тұрғындар үні – басты назарда Берік Айдарұлының ашық кездесуі жайлы пікір
«Тазалық өзімізден басталады» атты экологиялық акциясы Тұран ауданында кең көлемде өтті