Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа көпір салынды
Түркістан: Түлкібас ауданында жаңа көпір салынды
28.09.2020 12:07
224
0

  Түлкібас ауданына қарасты Қарағашты ауылы тұрғындарының көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан көпір мәселесі шешімін тауып, ел игілігіне берілді. Аудан орталығымен ауылды екіге бөліп тұрған өзеннен өту үшін тұрғындар 3 шақырым жолды айналып өтіп, аудан орталығына жаяу қатынау тұрғысында көптеген қиындықтарға кездесетін. Биыл көпір құрылысы қолға алынып, ел игілігіне беріліп отыр. Нысанның жалпы ұзындығы - 222 метр. Көпір - 90 метр, ал көпірден шығатын аяқ жол ұзындығы - 132 метрді құрап отыр. Сондай-ақ, түнгі жарықтандыру шамдары қойылыған. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына да барлық жағдайлар қарастырылған.

 Дереккөз: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
0 пікір