ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ
ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС АЛДЫ
30.05.2024 02:43
22
0

Заң - өркениетті қоғамның ажырамас маңызды түйіні. Адамзат баласының алға басқан қадамын жебейтін тірегі, жаңа дәуріге аяқ басқалы жер шарын бірқалыпта ұстап тұрған жүрегі. Заңды кемелді, құқықтық мәдениеті дамыған елде нағыз демократия орнайды. Заңның үстемдігін қалыптастыру және қорғауды халықтың құқықтық мәдениетін өсіруден бөліп қарауға келмейді. 

Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Сонда ғана мемлекеттің құқықтық мәдениетті артып, халықтың құқықтық санасы толық қалыптасады. Сонда ғана демократиялық және құқықтық мемлекет құруға мүмкіндік туады. Заңдық сауаттылық азаматтық қоғам қалыптастырудың аса маңызды негіздерінің бір деуге болады.

 Әр­түрлі жағдайларға тап болған азаматтардың жағдайы – қоғам тарапынан назар аударатын күрделі мәселе. Осы орайда заңгер қарапайым халықтың құқықтық, қаржылық сауатын көтеру уақыт күттірмейтін мәселе. Қоғамда азаматтарды тұр­ғын үй, несиелеу, отба­сы, борышкерлік, ажырасу, мұ­ра­герлікке қатысты маза­лай­тын мәселе көп. Заң кеңесі, әсіресе өмірлік қиын жағдай­дағы жандарға қажет. Әділдік іздеп, араша сұрап жүргендерге заңгерлер, адвокаттар, заңгерлік қоғамдастық тарапынан тегін кеңестер, тіптен кеңеспен шек­теліп қалмай, қажет болған жағдайда құқығын қорғау ісіне араласуы қажет. Жергілікті басқарушы органдарға жүгінген азаматтың әлеуметтік мәселесі дер кезінде шешілмей қалған болса, тиісті органдар мамандары нақты заңгерлерге бағыттап отыруы көп мәселенің шешімін тауып, алдын алуға ықпал етер еді.

Қоғамдағы мұндай кереғар жайттардың алдын алуда құқық­тық кеңес беру, қаржылық сауатты арттыру жеткіліксіз. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру - мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Осы тұста халықтың құқықтық санасы мен құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды. Қазіргі таңда  қоғамда халықтың өз құқықтарын  жете білуі  маңызды. Елімізде адам құқықтарының бұзылатын жағдайлар  халықтың өз құқықтарын жете білмеуінен орын алып  жатады. Құқықтық сауатты арттырмай, заңбұзушылық қайталана береді. Әділетті қоғам орнатудың басты алғышарты заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. 

Осы ретте, Қазақстанның барлық өңірлерінде «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтіп жатыр. Мақсат - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Аталған науқан Түркістан қаласында өткізілді. Науқанға №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы Б.Искаков қатысып, тұрғындардың сұрағына жауап берді.
         Аталмыш науқан шеңберінде азаматтар білікті заңгерлер мен тәжірибелі мамандардан, заң консультанттары және адвокаттар палаталарының өкілдерінен тегін құқықтық көмек алды. Шара ҚР Үкіметінің қолдауымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, Республикалық адвокаттар алқасының, мемлекеттік билік органдарының және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттарының, «Zakon.kz» желілік басылымының, «Параграф» ақпараттық жүйесінің бірлесіп ұйымдастыруымен қолға алынған.

Айта кетейік, 2016-2023 жылдар аралығында еліміздің үздік сарапшылары мен мемлекеттік органдарынан 165 мыңнан астам ел азаматтары тегін құқықтық кеңес алған. Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқанының ел үшін қажет екені байқалып келеді.

          Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады. Сонда ғана мемлекеттің құқықтық мәдениетті артып, халықтың құқықтық санасы толық қалыптасады. Азаматтары заңмен қорғалған елде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір азаматтың заңды құқығын білгені абзал.

0 пікір