ТҮРКІСТАНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА
ТҮРКІСТАНДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА
28.05.2024 02:26
17
0

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі.

Осы ретте, Түркістан қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәікілі Талғат Алпысбайұлы 2024 жылдың 28 мамыры күні қала әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында ҚР Әділет министрлігінің әдістемелік ұсынымдарына сәйкес құқықтық насихаттау бойынша Түркістан қалаының кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырды.

Құқықтық насихаттаудың негізгі мақсаты - бұл бағдарламаны іске асыру азаматтардың құқықтық мәдениеттілігін, құқықтық ақпараттандырылу деңгейін айтарлықтай көтеруге, заңға құрмет пен құқықтық тәртіптің шынайы жағдайын орнатуға, әртүрлі санаттағы азаматтарға құқықты түсіндіру .

Кездесу барысында мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруден бөлек, жиынға қатысушыларға құқықтық кеңес берілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау, әдеп нормаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну жайлы айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік ұқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады. Жемқорлықтың жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді. Заманауи жемқорлықпен күресу шаралары тек қана репрессивтік сипатта болмауы қажет, заңнамалардың да жетілдіруіне баса назар аударған жөн. Осы қоғамдық зауалға қарсы қоғамның бірігуі жемқорлықпен күрестің жеңісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті - осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Әділдік жоқ жерде жемқорлық белең алады. Шыныда да, біз халыққа дұрыс кеңес беріп, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

0 пікір