ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН
ТҮРКІСТАНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫС ІСТЕГЕН
31.05.2024 02:55
20
0

Мектеп оқушылары мен білім беру мекемелерінің студенттері үшін демалыс күндері басталды, сондықтан көптеген жастар уақытша жұмыс істегісі келеді. Жұмыс жасау үшін, олар және олардың ата-аналары қолданыстағы заңнаманың кейбір талаптарын білуі керек. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында қызметкерлердің, оның ішінде он сегіз жасқа толмағандардың еңбек тәртібін реттеу ерекшеліктері айқындалады.

Қазіргі балалар жастайынан ақша табудың жолын іздеп тұрады. Оған ең көп кездесетін себеп – ата-аналарының табысының аздығы, оларға көмек ретінде баланың кей қажеттіліктеріне қаражатты өзі табуы. Кейде ата-аналар баласын жастайынан еңбек етіп үйренсін, өзі табыс тауып, оны орнымен жұмсау арқылы қаржылық сауаттылығы да қалыптаса берсін деген ниетпен еңбекке араластырады.
етіледі.
         Осы ретте, Түркістан қаласында «Түнгі рейд» шарасы өтті. Қаладағы дәмханалардың бірінде кәмелет жасына толмаған қыздың жұмыс істейтіні белгілі болды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалар 22:00-ге дейін 3 жақтама келісім шарттары болған жағдайда жұмыс істей алады. Заңдылық сақталмаған жағдайда жұмыс беруші де, ата-ана да құқықтық жауапқа тартылады. Бүгінде Түркістан қаласында балалардың қауіпсіздігі үшін рейдтік шаралар аптасына кемі екі рет ұйымдастырылады. Кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта жұмыс істеуіне тыйым салынғанына қарамастан, рейдтер барысында балаларды түнгі уақытта еңбекке тартудың соңғы бес айда тәртіп сақшылары түнде дала кезген 568 жасөспірімді анықтаған.

Атап өтейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес жасөспірімдерге тыйым салынған жұмыс орындары бар. Олар: денсаулыққа зиянды қалдықтар бөлінетін өндіріс орындары, құмар ойын бизнесі, түнгі ойын-сауық орындары, алкоголь, темекі бұйымдары, есірткі және психотроп заттармен байланысты кез келген жұмыс. Кәмелетке толмағандарға материалдық жауапкершілігі бар лауазымда (мысалы, кассир немесе қойма қызметкері) және зиянды әрі қауіпті жұмыста, вахталық әдіспен жұмыс істеуге болмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған қазақстандықтарға 4,1 келіден ауыр заттарды көтеру және тасу жағдайында жұмыс істеуге болмайды. Айта кетсек, кәмелетке толмағандарға сағат 22:00-ден кейін жұмыс істемек түгілі, ата-ана қарауынсыз көшеде жүрудің өзіне тыйым салынады.

Кей жағдайда ата-аналар қандай да бір себеппен баланы өз қалауынсыз жұмыс істеуге мәжбүрлеп те жатады. Тәрбие тәсілі болсын, жеке отбасылық кәсіпке көмектесу болсын, өзі қаламаса, бала жұмысты істеуден бас тартуға құқылы. Егер дұрыс және заңды түрде әрекет еспесеңіз, баланы еңбек етуге, табыс табуға үйретемін деп денсаулығына зақым келтіріп, болашағына балта шауып, ақшаға құнықтырып алуыңыз әбден мүмкін. Еңбек тәрбиесі баланың Отанға, адамдарға, достарға деген сүйіспеншілікпен, үлкен-кішіге сыйластықпен қарауға, адамгершілігін жоғалтпауға тәрбиелеумен, бойындағы қабілет-қарымын шыңдаумен ұласуы тиіс.
         Сонымен қатар, Қазақстанда балаларды ауыр жұмыстарға салу мен экономикалық тұр­ғыдан қанауға қарсы құқы­лық база қаланған. Еліміз бала­ның құқын қорғау туралы барлық халықаралық құжат­тарға қол қойған.

 

0 пікір