ТҮРКІСТАНДА ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
ТҮРКІСТАНДА ПАРАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
03.05.2024 04:00
12
0

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – Мемлекетіміздің күрделі әрі маңызды мәселесі. Сондықтан да, бұл мәселемен күресу жолында, яғни алдын алу үшін біздің елімізде ұйымдастырылып жатқан шаралар, атқарылған жұмыс аз емес.ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» – сыбайлас жемқорлықтың себептерін анықтап, оның алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы өзгертуге бағытталған маңызды құжат.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу шараларын қабылдауда мемлекеттің рөлі қаншалықты белсенді болса да, бұл күресті азаматтардың көмегінсіз жүргізу мүмкін емес. Қоғамда заң мен қолданыстағы құқықтық тәртіпті құрметтейтін, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, заңның барлық белгіленген нормаларын сақтауға ұмтылатын азаматтар әрқашан болады.

Соңғы уақытта мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін арттыру үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамалар жетілдіріліп келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және басшылық тәжірибесін тиімді қолдану мақсатында қызметшілер ротациясы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілігін арттыру мақсатында әдеп нормалары мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін әдепті бұзғаны үшін алынбаған тәртіптік жазасы болса, қызметшінің басқа лауазымға ауысуына тыйым салу жөніндегі шектеулер заңмен бекітілген. Сондай-ақ, Президенттің бюрократиядан арылу жөніндегі тапсырмасы мемлекеттік қызметтегі қағазбастылықты азайтып, құжат айналымы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрінің толықтай цифрлық жүйеге өтуіне, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырып, олардың жедел шешім қабылдауына әсер етеді және бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлықты болдырмауға септігін тигізіп отыр.

 Түркістан қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Талғат Алпысбайұлы Қала әкімі аппаратының Заң бөлімінің басшысы Сабыржан Абылайханұлы Садуақаспен бірге жоспарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, талдау нәтижесіне сай тәуекелдерді жою жөніндегі нақты іс-шаралар атқарылып келеді.  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың  және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша" консультациялық көмек көрсету мақсатында Қала әкімдігінің қызметкерлерімен бірге кездесу өткізді.

Кездесуде "сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер туралы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауаптылық тартылған қызметшілер туралы" сөз қозғалды.

 Кездесу қала әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында 2024 жылдың 3 мамыры күні өтті.

Кездесу мереке күндері алдында болғандықтан жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарында  жүргізді.

Күнделікті жұмыс барысында аудан әкімі аппаратының қызметшілері арасында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын қатаң сақтау, жемқорлық әрекеттер үшін заңмен көзделген жауапкершіліктер жөнінде құқықтық сабақтар мен семинарлар тұрақты түрде өткізіліп отырады.
Алаш ардақтылары Ә.Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден!» және Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмас, тәртіпке бағынған құл болмас!» деген сөздерін негізге ала отырып, жемқорлық әрекеттерді болдырмау мен алдын-алуда жұмыла жұмыс жүргізуіміз қажет.

Жемқорлық дертіне қалай душар болдық?! Онымен күресті қайдан, қалай бастағанымыз дұрыс?! Қазіргі көпшіліктің басты арманы – бай болу. Баю үшін ар, намысынан бас кешетіндер де біздің қоғамымызда жетерлік. Адамға ақша қызмет етпей, адам ақшаға қызмет ететін түсінік қалыптасқалы бері оның санасы уланды, дүниенің құлына айналды. Жемқорлықтың да бастауы осыдан. Осы қағиданы  бұзбай  қоғамдағы жемқорлықты жоя алмаймыз. Жемқорлықтың пайда болуы қоғамдағы рухани байлықтың құнсызданып, материалдық құндылықтың алдыңғы сатыға шығуының салдары. Сондықтан, біз қоғамымызда жемқорлыққа қарсы күресті – азаматтарымыздың  жүрегіне рухани ізгіліктерді, құндылықтанды сіңіруден бастауымыз қажет. Рухани тұрғыдан бай адам, жемқорлықтай лас істерден жанын таза ұстайды.

         Сыбайлас жемқорлық – саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Өйткені лауазымдық тұлғаның игіліктерді бөлуге құқығы бар жерде, мүдделі тұлғалар тарапынан үнемі әлеуметтік ұқсастық жасау мүмкіндігі болып тұрады. Яғни, игілік деп біз тек қана материалдық ресурстарды меңзеп тұрмаған болармыз, сонымен қатар оған лауазым иесінің түрлі әрекеттерге тыйым салу немесе рұқсат ету тағы басқа құқығы да жатады. Жемқорлықтың жоғары деңгейге көтерілуі бұл мәселеге шындап көңіл бөлуді талап етеді.  Толығырақ қарастыратын болсақ, сыбайлас жемқорлықты терең зерттеуге толық қол жете қойған жоқ. Іс жүзінде, анық дүниенің өзіне өмір күнделікті өзгерістер енгізіп отыр. Болашақта көлеңкелі әрекеттер сыбайлас жемқорлықтың жаңа түрлерін туындатуы әбден мүмкін. Қоғам мен мемлекеттің алдындағы басты міндеті - осы қылмыстың деңгейін неғұрлым азайту болып табылады.

 

0 пікір