
Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы —Түркістан қаласында 2005–2007 жылы туған жастар арасында қазақ күресінен «Дала қырандары» атты республикалық турнирдің жалауы екінші мәрте көтерілді.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» жөніндегі бастамасы аясында, ұлттық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 8 команда қатысуда. Атап айтқанда, Алматы, Абай, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының құрамалары боз кілемде өзара мықтыны анықтауда.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат Пазылбеков, сондай-ақ Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев және спорт федерацияларының басшылары мен жаттықтырушылар, төрешілер мен еліміздің әр аймағынан келген балуандар қатысты.
Доданың басты ерекшелігі — балуандардың командалық есепте сынға түсуі. Жарыс 7 салмақ дәрежесі бойынша өтуде: 60, 66, 72, 78, 84, 90 және +90 келі.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған турнир жеңімпаздарына жалпы 4 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде тағайындалған.
І