ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕ ТҮСЕТІН БОЛАДЫ
ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕ ТҮСЕТІН БОЛАДЫ
23.04.2024 05:03
17
0

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп өркендеп, небір тегеурінді қарсыластарға төтеп беріп қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы. Осыған бастайтын бір жол – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында бұл бағытқа ерекше мән беріп, кейін Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде нақтылаған 10 маңызды бағыттың бірін «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп белгіледі. Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы күресуіміз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі - ол азаматтардың арыз-шағым, өтініштері. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен жергілікті атқарушы органдар жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті деп санайды. 

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.

Біздің мемлекетіміз, басқа да көптеген мемлекеттер сияқты, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. Қазіргі уақытта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ міндеттемелік шарттарын белгілеп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы сыбайлас жемқорлық қарсы күрес туралы заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік функцияларды орындайтын мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар және оларға теңестірілген тұлғалардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы бағытта, Түркістан қаласы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Қыдырбаев Талғат Алпысбайұлы Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың  және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері, іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау бойынша кездесу өткізді.

Кедесудің басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға деген көзқарастарын білу.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттің тиімді дамуына кедергі келтіретін және өте үлкен әлеуметтік қауіп төндіретін ең маңызды шарттардың бірі. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрестің құқықтық тетіктерін дамыту қазіргі қоғам мен мемлекет дамуының маңызды және өзекті мәселесіне айналуда. Қазіргі уақытта мемлекет жасаған барлық күш-жігерге қарамастан, сыбайлас жемқорлық елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіруде. Бұл қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұсқан келтіреді, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуда елеулі және айқын шығындарға әкеледі. Сондықтан, онымен тиімді күресуге дайындықты әлемдік қоғамдастық мемлекеттің өркениетінің, оның демократиялық құндылықтарды ұсынуының басты көрсеткіші ретінде қарастырады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керк. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбі азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

Пара ұсынатын немесе берген адам ештеңені бұзбайды, керісінше, пара берілгендер бәріне кінәлі деген пікір қалыптасқан.

Бірнәрсемен күресу үшін алдымен оның шығу себебін анықтау керек. Сыбайлас жемқорлық кешенді себептердің нәтижесінде туындайды. Осы ықтимал себептердің бірі - еңбекақының төмендігі. Басқаша айтқанда, кейде қызметкерлердің жалақысы тіпті негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыруға жеткіліксіз болып, олар қосымша табыс табу әдістерін іздеуге мәжбүр болады. Екінші себеп - жазаның бұлтартпастығының болмауы. Жеке адам өзінің қылмыстық әрекеттерінің барлық шығындары мен игіліктерін саралап, егер мұндай әрекеттердің күтілетін пайдалылығы адал болып, уақыты мен ресурстарын басқаша жұмсаған жағдайдан жоғары болса, қылмысқа баруды ұтымды шешеді. Еңбекке ақы төлеудің төмендігі және жазаның бұлтартпастығының болмауы сыбайлас жемқорлықты тудырмайды. Осыдан атқарушы биліктің заңнамалық және сот алдында жауапсыздығы туындайды.

Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Қоғамда мұндай індеттің орнығуы, қалыпты жағдайға айналуына азаматтардың болашаққа деген сенімін әлсіретеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды және ел дамуына кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осы індетпен күресу болып табылды. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті деп білуіміз керек. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етене сіңіп келе жатқан бұл індеттің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу – біздің басты міндетіміз.  

 

 

0 пікір