ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МАҚСАТҚА АЙНАЛҒАН
ТҮРКІСТАНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МАҚСАТҚА АЙНАЛҒАН
31.05.2024 03:34
20
0

Мемлекеттің іргетасы берік болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңашылдыққа ұмтылуы керек. Дегенмен, саяси пікірлер, қоғамдық көзқарастар алуан түрлі. Бірақ әрбір мемлекеттік қызметкер «мінсіз беделге» лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. Әдептілік – адам бойындағы жағымдық қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметке жұмсайды, елге қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Әдеп – қоғамдағы адамдардың мінез-құлқына қойылатын этикалық талаптар. Адамның сөз мәнері, іс-қимылы, әрекеті, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениеті, әдепті екенін көрсетеді. Адам басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, қорғаны сабыр, жолдасы – кәсіп, қорғайтын қорғаушысы – мінез, бәрін тәртіпке келтіретін – әдептілік.

         Көпшілік орындарда дауыс шығарып күлу, жасы үлкендерге, мүгедектерге, балалы немесе жүкті аналарға орын ұсынбау, мобильді телефонмен дауыстап сөйлесу және тағы да жағымсыз қылықтар адамның әдепсіздігін көрсетеді. Кез келген ортада эмоциясын тежей білу немесе шыдамдылық болу арқылы әдептілікке қол жеткізуге болады.

         Жұмыстағы мінез-құлық этикасы бұл – әріптестер, бәсекелестер арасындағы шынайы және тура қарым-қатынас. Ұжымдық жұмыстың ұстанымдары. Ұжым, оның әрбір мүшелері жеткен жетістікке қарағанда әлдеқайда зор табысқа жете алады. Жұмыс орнында қолайсыз, шиеленіскен жағдай тудыратын іс-әрекетке, ескертпе немесе басқа да міне-құлыққа жол берілмеуі керек. Жұмыс орнында өз туысқаныңмен отбасындағы роліне қарай емес, қызметіне қарай қатынас жасауы тиіс. Адам мәдениеті жоғары болған сайын, оның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы сыпайы бола түседі. Қызметтік әдеп нормасын сақтамау сыбайлас жемқорлыққа, әр түрлі құқықбұзушылықтар мен теріс пайдаланушылыққа жағдай туғызады, сондай-ақ, тәртіптік шара қолдануға алып келеді.

         Мемлекеттік қызметтегі әрбір азамат мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырып, Әдеп кодексінің талаптарын сақтауды үнемі назарда ұстауы тиіс. Біз әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, өзіміз де сондай жақсы сөздер естіп жүрейік. Адам әрдайым бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, парасаттылығымен, мәдениеттілігімен әдемі. Осы бағыт бойынша Түркістан қаласының әдеп  уәкілі жүйелі жұмыстар атқарып жатыр. Мәселен, мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің инженерлік инфрақұрылыс және әлеуметтік  құрылыс секторының бас маманы Сұлтан Оразханұлы Сатыбалдыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы және мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау,  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтау,  мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері бойынша  оқыту жұмыстарын  ұйымдастырды.

         Айта кетейік, сыбайлас жемқорлықпен күресу – Мемлекетіміздің күрделі әрі маңызды мәселесі. Сондықтан да, бұл мәселемен күресу жолында, яғни алдын алу үшін біздің елімізде ұйымдастырылып жатқан шаралар, атқарылған жұмыс аз емес.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестерде еліміздегі жемқорлықтың алдын алуды және болдырмауды қатаң ескертіп, тапсырма беруде.
Мемлекет басшысы ол жайлы: «Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Жемқорлықты жою үшін оған бүкіл ел болып қарсы тұруымыз керек. Оған қоса заңнамалық шаралар қабылдауға тиіспіз. Сонымен бірге, жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтау және ашу жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет. Сонда ғана жемқорлықпен табанды түрде күресе аламыз» деген болатын.
Қоғам болып жұмыла күресетін бұл дертті жою мақсатында Түркістандықтар тынбай жұмыстар жүргізілуде.

         Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтау және жолын кесу үшін мамандар арасында заңсыз әрекеттеріне жеке және заңды тұлғалардың шағымдары үшін арнайы «Сенім жәшігі» орнатылған. Әкімдіктегі әрбір бөлімдегі кабинеттерге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық нөмері жазылған хабарламалар ілінген. Арнайы бейнероликтер үздіксіз көрсетіліп тұрады.
Мамандар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары үнемі бақылауға алып, ақпараттық насихат жұмыстары жүргізіліп отырады. Қазақстан Республикасының әр азаматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра білсе, еліміздің дамуы бұданда ілгерілейтіні анық. Бұл тұрғыда қызметкер өз отбасында, әріптестерінің арасында адалдық және жауапкершілік қағидаларын, қасиеттерін ұмытпай ұран қыла білсе, бұл індеттің түбімен жойылады деген сенімдемін.

0 пікір