ТҮРКІСТАНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТОҚТАМАЙДЫ
ТҮРКІСТАНДА ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ТОҚТАМАЙДЫ
29.04.2024 14:01
19
0

Қазіргі әлемде халықаралық қатынастардың көпполярлық жүйеде қалыптасуы, өзара іс-әрекеттердің ғаламдық және аймақтық деңгейде дамуы белсенді түрде жүргізілуде. XX-XXI ғасырлардағы ғаламдық проблемалардың бірі терроризммен күрес қазіргі әлемдік қауымдастықтың даму жолының жаңа бағытына айналды. Сондай-ақ, XIX-XX мен XX-XXI ғасырлар аралығында болған террорлық әрекетке назар салғанда екеуінің арасында айырмашылықтың бар екенін байқауға болады. Атап айтқанда, XIX-XX ғасырлардағы террорлық әрекеттерде қылмыскер мен жәбір көруші арасында белгілі бір байланыс бар болса, соңғы кездегі террорлықтан жазықсыз жапа шеккендердің саны өсуде.

         Ел ішінде үрей және дүрбелең тудыру мақсатында бір немесе бірнеше адамдар тарапынан жеке адам және қоғам тәртібін, тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзатын ісәрекеттер мен іс-шараларды ұйымдастыру «терроризм» деп аталады. Терроризмнің мақсаты - мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау

         Терроризм туралы білумен қатар, оның саяси – әлеуметтік құбылыс ретінде кез келген уақытта орын алып жататыны белгілі.  Терроризм – бейбіт адамдар мен түрлі нысандарға қарсы саяси мақсатты көздеген түрлі топтар мен астыртын әрекет ететін агенттердің қоғамның көңіл-күйіне ықпал ету ойымен күш қолдануы деп анықтама берілген. Сондықтан мұның табиғаты күрделі, тарихы тереңде жатқан құбылыс деп түсінуге толық негіз бар.

Террористік тұрғыдан  осал объектілер дегеніміз – аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, адамдар көп жиналатын объектілер.

Террористік тұрғыдан осал объектілерге, яғни, адамдар көп жиналатын объектілер қатарына – сауда алаңы, қоғамдық тамақтану объектілері, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары жатады.

Осы ретте, Түркістанда терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабымен «Конгресс-холл» көпсалалы кешенінің басшылар мен күзет қызметкерлерінің терроризм қаупіне тосқауыл қою әрекетінің әзірлігін тексеру бойынша оқу іс-шараларын өткізіліп жатыр. Оның ішінде персонал мен келушілерді шұғыл эвакуациялау процедурасының тиімділігі тексерілді.

         Шараға байланысты елді мекеннің жекелеген көшелерінде қозғалысты шектеу шаралары көзделген. Осыған байланысты азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпарат таратуға жол бермеуге шақырамыз.

         Жалпы, қоғамда терроризм мен экстремизмге қарсы жағымсыз көзқарас қалыптастырудың маңызы өте зор. Бізде көп жағдайда жастардың саяси сауаттылығын арттыру тек ғаламтор жүйесіндегі ақпараттармен ғана шектеліп жатады. Дегенмен сөздің емес, істің нәтижесінің жоғары екендігі белгілі.

Ең маңыздысы, адамдарды зорлық-зомбылыққа, әлімжеттікке, қатыгездікке итеретін факторларды анықтап, оларды еңсеру үшін нақты шараларды қолдану керек. Әр адам өзге адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлап, құқықтың үстемдігі іс жүзінде жүзеге асатын болса, заңсыздық пен әділетсіздік орын алмаса, қоғамның басын біріктіретін құндылықтар дәріптелсе, сонда ғана потенциалды террордан сақтануға болады. Халықаралық терроризммен күрес ары қарай жалғаса береді. Бұл бағытта діни ағартушылық жұмыстар мен қатар заң талаптарын күшейту жұмыстары да өз жалғасын табатын болады.

0 пікір