ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ГЕРМАНИЯ МЕН РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ГЕРМАНИЯ МЕН РЕСЕЙ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
25.04.2022 12:14
85
0
Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесіңде профессор Р.Шнеттлер (Германия) мен профессор, медицина ғылымдарының докторы Д.Римашевский (Мәскеу қ., РФ) мастер-класс өткізді.
Екі науқасқа тізе буынын эндопротездеу және реэндопротездеу операциялары жүргізілді. Сонымен қатар профессор Р.Шнеттлер «Тізе буынын эндопротездеу кезіндегі асқынулар» тақырыбында дәріс оқыды. Шеберлік сабағына Түркістан облысының травматолог-ортопедтері қатысты. Дәрігерлер ортопедия және сүйек-бұлшықет жүйесінің созылмалы аурулары, оларды емдеудің заманауи әдістері және болашақта осы патологияларды диагностикалау саласында тәжірибе алмасты.
0 пікір