ТҮРКІСТАНҒА ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ҚЫЗМЕТТІК САПАРМЕН КЕЛДІ
ТҮРКІСТАНҒА ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ ҚЫЗМЕТТІК САПАРМЕН КЕЛДІ
16.05.2024 15:02
36
0

Мемлекеттік қызметшілердің басты ұстанымдарының бірі – жалпыға бірдей қабылданған Әдеп кодексінің нормаларын қатаң ұстану.
Біз өмір сүріп жатқан қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәжіне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет. Өзіңнің жүріс – тұрысыңмен, халқыңа адал да абыройлы болу басты парыз.  Өйткені Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады.

Мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн. Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн.

         Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір ант қабылдаған мемлекеттік қызметші осы қағиданы берік ұстанып, ұмытпауы тиіс. Ел игілігі үшін халық қамын ойлап, кез келген жағдайда елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты.

Мемлекеттік қызмет жұмысының тиімділігі әрбір мемлекеттік қызметшіге, оның тәжірибесі, ұқыптылығы, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Әрқашан халықтың мемлекеттік қызметкерлерден кәсібилікті, жоғары деңгейдегі адамгершілікті, отансүйгіштікті, заңдылықты мүлтіксіз сақтауды күтетінін есте сақтауымыз керек. Себебі қарапайым халық  шенеуніктен қолдау күтеді, әділдік іздейді.

Әдеп жөніндегі уәкілге жүктелген негізгі бағыттарының бірі – ол мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіре түсуіне ықпал ету, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп нормаларының сақталуын насихаттау. Бұл бағыт бойынша қаламызда біршама істер атқарылуда.

Осы орайда ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Әділханов Түркістан қаласына 2024 жылдың 15 мамырында қызметтік іссапармен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер, Қазынашылық, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, Ішкі мемлекттік аудит комитеттерінің аумақтық департаменттері мен басқармалары қызметкерлерімен кездесу өткізді.
         ҚР Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі
Д. Әділханов мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын ұстануы бойынша негізгі талаптарын атап өтті.
Яғни қоғам тарапынан сын туғызатын әрекетке бармау, лауазымдық міндеттерді атқаруға байланысты кез келген сипатта құқыққа сыйымсыз уәделерді бермеу және құқыққа сыйымсыз міндеттемелерді алмау керектігін назарда ұстау керектігін жеткізді. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақыты режимін сақтауы, қашықтықтан жұмыс, аралас қашықтықтан жұмыс және икемді жұмыс уақыты режимін реттеу бойынша ақпараттарды түсіндіріп, қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің құқығын қорғау мақсатында Басқарма жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатқандығын атап өтті.

«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейхан. Қандай болғанда да, мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтауға қалыптасуы, Әдеп кодексін оқып, өзін-өзі үйретуі, өзгеден үйренуі және өзгені үйретуі керек. Көпшілікпен жасалатын жұмыс ұжым арасындағы өзара қызметтік ынтымақтастықты нығайтуға, қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және ұжымды қызмет барысында ортақ мақсаттарға жетуге біріктіреді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни, кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек.

 

0 пікір