ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ЖАҒДАЙ ТҮЗЕЛІП КЕЛЕДІ
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ЖАҒДАЙ ТҮЗЕЛІП КЕЛЕДІ
09.08.2024 15:11
8
0

                                         

Қылмыс болған жерде жаза да болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда әлемнің әлдеқашан астан-кестеңі шығар еді. Әдетте, қолымен істеген қылмысты мойнымен көтертіп, сотталушыны жазасын өтеуі үшін түзеу мекемелеріне қамап келеміз ғой. Алайда адамды абақтыға қамау өмірді үзу дегенді білдірмейді. «Айдан, жылдан жаңылдырған» мекемелерде де өмір бар. Осыны ұмытпауымыз керек. Ұмыту былай тұрсын, сотталушылардың жай-күйіне, түзеу мекемелерінің жаңғыруына мән беретін кез келген секілді. Қылмыс жасап, жазасына қарай сотталған адамдарды қоғамнан оқшаулағанмен іс бітпейді. Олардың қылмысына сай жазасын өтеуі үшін қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету қажет.

Қазіргі жағдайда сотталғандардың өмірден тыс қалмауы маңызды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №53 республикалық мемлекеттік мекемесінің басшы орынбасары Қахарман Абубакиров БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында баяндады. Жалпы, қылмыстық-атқару жүйесінің мәселелері және түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу және қоршаудан асыра лақтыру әрекеттерінің теріс салдары және осы мәселеге қатысты заң нормалары да айтылды.
Шымкент қаласындағы «№53» түзету мекемесінде 700-ге жуық қылмыскер жазасын өтеуде. Олардың басым бөлігі қайта сотталғандар. Азаматтар әртүрлі жылдармен жазасын өтейді. Заң нормаларына сәйкес, сотталған азаматтар тәртібіне және жаза түріне қарай туыстарымен 12 айға шаққанда ұзақ мерзімді кездесу және қысқа мерзімді кездесу түрімен жолыға алады. Келушілер мекемеге кірмес бұрын толықтай тексерістен өтіп, содан кейін ғана сотталушымен кездеседі. Мекеме аумағы бейнебақылау камералары қамтылған.
Қахарман Абубакировтың айтуынша, былтырғы жылмен салыстырғанда сотталушылардың саны 20 пайызға артқан. Ал, жыл басынан бері аталған түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды жеткізу және қабырғадан асыра лақтыру әрекеттерінің
7 оқиғасы тіркелген. Олардың 5-еуі қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша жазасын өтеп жатыр екен. «Мұндай жағдайдың орын алуына мекеменің қала ішінде орналасуы себеп болып отыр»,-дейді мамандар.
– Бұйрыққа сәйкес, түзету мекемелері елді мекеннен тыс жерде орналасуы керек. Өзінің сыртқы қоршауынан кем дегенде 50 метрден аса жерде үйлер немесе басқа да нысандар тұрмауы тиіс. №53 түзету мекемесі алғаш салынған кезде қала сыртында еді. Қазіргі уақытта, қаланың күннен күнге кеңеюіне байланысты мекеменің аумағына жаңа үй тұрғызылып, кәсіптік нысандар ашалып кетті. Сондықтан жыл соңына дейін, қала сыртынан жер учаскесі бөлініп, түзету мекемесін айтылған аумаққа көшіріледі, – дейді Қахарман Абубакиров.
Айта кету керек, алдағы уақытта бой көтеретін түзеу мекемесі еуропалық стандарттарға сай камералық үлгіде салынады. Ол стандартқа сәйкес
1 000-1 200 адамға арнап салынбақ.

0 пікір