Үкімет экономиканың тоқырауына жол берген жоқ – Тоқаев
Үкімет экономиканың тоқырауына жол берген жоқ – Тоқаев
30.03.2023 12:05
23
0

 Мәжілістің жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің атқарған жұмысына тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстан соңғы жылдары жаһандық және жалпыұлттық ауқымдағы көптеген қиындықты бастан өткергенін атап өтті.
 
"Үкімет күрделі кезеңдегі жаңа талапқа тез бейімделді. Сол арқылы экономиканың тоқырауына жол берген жоқ. Жұмыс орындарын қысқартпай, сақтап қалды. Шұғыл шаралардың нәтижесінде ел экономикасы 3,2 пайызға өсті", - деді ол.
 
Сондай-ақ оның айтуынша, үкімет халықтың алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақтылы және толығымен орындады.
"Мұның бәріне билік тармақтарының бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында қол жеткіздік. Осы ынтымақтастықты нығайта беру керек", - деді президент. Кеше мәжілістің жаңадан сайлануына байланысты Үкімет өз өкілеттігін тоқтатқан болатын. Бүгін депутаттар жаңа премьер министрді таңдайды.
 
 
Дереккөз:Sputnik.
0 пікір