УНИВЕРСИТЕТ АТАУЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ АТЫМЕН АТАЛАДЫ
УНИВЕРСИТЕТ АТАУЫ ҰЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ АТЫМЕН АТАЛАДЫ
28.07.2022 15:57
6978
0

 

 

         «Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады». Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры мақаласында саналы ғұмырын туған елінің болашағына арнаған арда азаматтарды ұлықтау жөнінде ерекше екшелген болатын. Елбасы мақаласында көрсетілген міндет қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінде де өз деңгейінде орындалуда. Әсіресе, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болуын мақсат еткен билік өкілдері пайымды шешім шығарды. Енді Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті Алаштың асыл тұлғаларымен қатар аталатын ұлдарының бірі – Жұмабек Ахметұлы Тәшеновтың атымен аталады.

         Бұдан бөлек, оқу орын  Шымкент қаласына қоныс аударды. Ал, білім ұясының Жетісайдағы ғимаратында ғылыми жұмыстар жанданатын болады. Болашақта үшінші мегаполисте 15 гектар аумаққа университет ғимаратын салу жобаланып отыр. Бүгінге дейін Түркістан облысында орналасқан Тәшенов университеті енді Шымкенттегі Кемел Тоқаев көшесінен орын тебуі мүмкін.

         1998 жылОсыдан 24 жыл бұрын Жетісай қаласында ашылған Сырдария университеті бүгінде тарихы мен дәстүрі қалыптасқан жеке жоғары оқу орындарының біріне айналды. Осыған байланысты оқу орнына жерлесіміз, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің атын беру ұсынылып, ол бірауыздан қолдау тапты. Енді Ж.Тәшенев атындағы университет жаңа оқу жылын үшінші мегаполис төрінде бастауды жоспарлап отыр. Қазір университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша – 31, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандық иелерін оқытады. Университет ректоры Қанат Байболовтың айтуынша, оқу орнында 850 студентке арналған 4 жатақхана бар.

Қанат Сейтжанұлы, оқу орын ректоры:

         «Біздің мақсатымыз университетті 2025 жылға дейінгі Даму стратегияны жүзеге асыра отырып,  аймақтың дамуына елеулі үлес қосатын заманауи талаптарға сәйкес келетін, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын білім ордасына айналдыру. Ол үшін  бұл бағытта - білім беру бағдарламаларын еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып жаңарту, оны жүзеге асыруда барлық жағдайлар қарастырылған. Бүгінгі таңда университетте бакалавриаттың 13 бағыты бойынша 31 мамандар, магистратураның 5 бағыты бойынша 6 мамандыққа  білім беру қызметі құқығына ие лицензиялар бар».

         Жоғарғы оқу орны  гуманитарлық мамандықтар мен қатар   техникалық мамандықтарға басымдық беру керектігін өмір көрсетіп отырғанын, әсіресе,  инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын қалыптастыру назарға алынып, жоспар құрылған.

Қанат Сейтжанұлы, оқу орын ректоры:

         «Осы бағытта Жұмабек Ташенов атындағы университет  техникалық, ауылшаруашылық, қызмет, Ветеринария бағыты бойынша Білім бағдарламаларын жұмыс берушілердің талаптарын ескеріле отырып даярланып, бүгінгі таңда Болон процесінің орталығында сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы бойынша жоғарыда айтылған бағыттарға лицензия алынатын болады. Сондай-ақ, техникалық, ауылшаруашылық және ветеринария бағытындағы студенттерді тәжірибиеге бағытталған маман болып шығуы үшін ірі және кіші кәсіпорындарда, дуальдіоқыту жүйесін кеңінен қолдану  қолға алынады». 

 

         Қазіргі таңда,  студенттердің кәсіби тәжірибесінің жаңа форматын белсенді түрде енгізіп, кәсіпорын  тарапынан ақылы тәжірибеге көшуді қолға алу күтілуде.

Қанат Сейтжанұлы, оқу орын ректоры:

         «Университет білім берудің цифрлық форматына бейімделуден өтуде. Ал кадрлар мәселесі бойынша  университетте өңірге  белгілі ғылым, білім саласында зияткерлік элитасы бар Профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді.  Университетте 187 адам, оның ішінде ПОҚ– 168, ғылым докторлары – 13, ғылым кандидаттары – 62;, PhD докторы – 5.Магистранттар- 88, Педагогикалық кадрлардың дәрежесі – 47,62 % құрайды».

         Бұдан бөлек, университеттің статегиялық басымдықтардың бірі-студенттерді әлеуметтік қолдау көрсету- ол жатақханамен қамтамасыз ету жағдайына назар аударылуда.

Қанат Сейтжанұлы, оқу орын ректоры:

         «Қазіргі таңда университетте 850 орынға арналған 4 студенттік жатақхана бар. Жатақханаларда компьютер сыныптары мен кітапхана, сонымен қатар WI-FI зоналары, компьютерлік және оқу залы,  ас дайындау блоктары, тренажер залы, демалыс бөлмелері, жуыну бөлмелерімен қамтамасыз етілген».

         Қазіргі таңда, университеттің стратегиялық бағыттарының бірі- Жұмабек Ташенов атындағуниверситеттің кампусын салу. Ол бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

         Айта кетейік, Мемлекет және қоғам қайраткеріТәшенов Жұмабек Ахметұлы 1915 жылдың 20 наурызында Ақмола облысы Аршалы ауданының Танакөл ауылында туған. Әкесі Тәшен балаға зәру болмағандықтан, ұлын баласы жоқ інісі Ахметтің атына жаздырған. Содан нәресте Жұмабек Ахметұлы болып шыға келді. Тәшенов 9 жасынан бастап әкесімен бірге мал бақты, кейіннен кеңес үкіметінің сауаттандыру науқанына ілікті.Ақмола құрылыс техникумына 1933 жылы оқуға түсіп, бір жылдан кейін оқуын тастап, қоғамдық жұмысқа кірісті. Бұл оқу орнын Тәшенов 1955 жылы бітірген.Қызмет жолын аудандық комитеттің хатшылығынан бастаған. Ол кезде Тәшенов 19 жаста болған. 25 жасында облыстық жер бөлімі бастығының орынбасары болды. 29 жасында облыстық партия комитеті басшысының орынбасары, 37 жасында Ақтөбе облысы партия комитетінің бірініші хатшысы, 40 жасында Қазақ КСР жоғары кеңесінің төрағасы болды.

         1950 жылдың аяғында Кеңес одағының басшылығына Никита Сергеевич Хрущев келді. Оған Қазақстанның жері үлкен көрініп, оны шағын ету керек деген мақсатта республиканың солтүстігіндегі 5 аймақты Ресей Федерациясының құрамына бермек болады. Ал елдің батысындағы қазіргі Маңғыстау түбегін түгел Түрікменстанға бермек болған. Ал оңтүстікте бірнеше ауданды Өзбекстанға беру жөнінде үлкен жоспар жасалған. Осы мәселені шешуге Жұмабек Тәшенов кірісті. Ол одақ басшылығына жер аумақтарын бөлу туралы мәселені жергілікті билікпен санаспай, тікелей Мәскеуде орталық комитетте шеше берер болсақ, онда Кеңес Одағының конституциясын, Қазақ КСР конституциясын жою керек екенін айтқан. Ал оны жоймайтын болсақ, заңда мына аумақтың бәрі Қазақстанның меншігі екені жазылған деген уәж айтып, Хрущевтің бетін қайтарған.

 

 

Түйін: Өткен дəуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин жəне Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады əрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр. Ұлы дала Əл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Əз-Тəуке мен Абылай, Кенесары мен Абай жəне басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге əкелді. Жұмабек Тәшенов те сол тұлғалардың бірі әрі бірігейі оның артын жаңғыртып, еңбегін дәріптеу күллі қазаққа ортақ азаматтық парыз.  Тек дәріптеп қана қоймай мемлекет мақтанышы ретінде баршаға мойындату нағыз ұлтжанды елдің әрекеті.  Жиынға қатысқандардың ойы осыған саяды. 

0 пікір