ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде алғашқы штабтық келіссөздер жасалды
ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығулары жөнінде алғашқы штабтық келіссөздер жасалды
18.04.2021 10:54
211
0

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы Мәскеу қаласындағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Біріккен штабында бірінші штабтық келіссөздерге қатысты.


Келіссөздерге сондай-ақ, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан елдерінің мүдделі министрліктері мен ведомстволарының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының хатшылығы мен Біріккен штабының өкілдері қатысты.


ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Стратегиялық жоспарлау департаментінің бастығы генерал-майор Марат Аймашев қазақстандық делегацияны басқарды.


Келіссөздер барысында тараптар «Іздеу-2021» оқу-жаттығуын барлау күштері және құралымдарымен, «Эшелон-2021» материалдық-техникалық қамтамасыз ету күштерімен және құралдармен, «Өзара іс-қимыл-2021» ҰҚШҰ-ның жедел ден қою құрылымдық күштерімен, «Мызғымас бауырластық-2021» ҰҚШҰ-ның бітімгерлік күштерімен және Орталық Азия өңірлерінде Ұжымдық жедел өрістету күштерінің бөлімшелерімен, «Шеп-2021» оқу-жаттығуларын өткізу және ұйымдастыру мәселелерін талқылады.


Оқу-жаттығу Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан аумақтарында өтеді. Іс-шараларды орындау тәртібі мен өткізу мерзімі эпидемиологиялық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін.


Бұдан өзге, келіссөздерге қатысушылар ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік аудандарында әскери қауіп-қатерлер мәселесін талқылады. Шартқа қол қоюшы тараптар қауіп-қатерлердің ауқымын және оларды бейтараптандырудағы үйлесімді бірлескен іс-қимыл қажеттігі туралы бірыңғай түсінігін растады.


Дереккөз: ҚР Қорғаныс министрлігі

0 пікір