ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ БІР ШАҢЫРАҚТА ӨРБУДЕ
ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ БІР ШАҢЫРАҚТА ӨРБУДЕ
27.05.2024 12:23
68
0

Ата, бала, немере мен шөбере. Түркістан облысы Төле би ауданында бір әулеттің төрт буыны бір шаңырақ астында тату тәтті күн кешіп жатыр. Сәбит ақсақал жасы 88 келсе де бақшаны өзі күтіп баптайды. Немерелерін де баулиды. Ағаштың жемісті болуы күтімге, ұрпақтың тәлімді болуы тәрбиеге байланысты»- дейді ол.

Сәбит Әбілдаев, тыл ардагері, ардагер ұстаз:

Өмірге бейімдеу, жұмыс жағынан, оқу-тәрбие жағынан болсын бұл ата-ананың борышы. Соның арқасында балаларымның бәрі еңбекқор.
Ұстаздар отбасы 7 ұл-қыз тәрбиелеп өсірді. 40 жылдан астам мектепте ұстаздық еткен Айымжан апа қазір немере келіндерінің ақылшысы. Жастарға әдептен бастап, қонақ күтімі, үй тірлігінің жайын айтып, түсіндіруден жалықпайды.

Айымжан Әбілдаева ардагер ұстаз:

Біздің қазақтың үй тірлігі көп қой. Соның барлығын үйрену қажет. Міне осының өзі көзге көрінбейтін үлкен тәрбие. Содан барлық бауырмалдық, туысқандық пайда болады.
17 жасында босаға аттаған Ридана қазір отбасыда келін мен ене қызметін қатар атқарады. Жас кезінде көпбалалы үйге үйрену оңай болмағанын еске алады.

Ридана Жошиева , тұрғын:

Сол кезде қиналдым. Ұйқым қанбайды, қыдырғым келеді деген секілді. Бірақ қазір соның рахатын көріп отырмын. Сол балалардың барлығы мені сыйлайды. «Ой, сіздің жапқан наныңыз-ай» деп. Соны естігенде қуанып қаламын. Қиналған күндерім түк болмағандай.
Үй ішінің қызыққа, қуанышқа толы болуы отбасындағы бауырмалдық пен жарасымды тірліктің арқасы. Осындай өнегелі өмірдің арқасында бір шаңырақта әулеттің 4 буыны тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Қарапайым отбасының осындай бақытқа кенелуіне не жетсін. Балаң тәрбиелі, немерең үлгілі, шөберең балдай тәтті болса, одан басқа арман, мақсат бар ма. Қазақтың қариялары өмірінің соңында осындай үлгілі отбасының тірегі болып, тамырын тереңге тартқан бәйтерек сынды ортасында жайқалып отыруды армандайды емес пе. Бұл жолда Сәбит атамыз ата-бабадан қалған ізбен жүріп, өз жолында адаспай, салықалы да білімді, тәрбиелі ұрпақ өрбіте білді. Қазақ халқында әрбір отбасы ұрпақ тәрбиесіне зор мән береді. Ұлттық тәрбиені қалыптастыратын ата, әже, әке, ана мектептері арқылы халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарына, ата-бабаларымыздың кәсібіне балаларды үздіксіз тәрбиелеу арқылы қол жеткізіп отырған. Аталарымыз табиғатпен етене өмір сүріп, үздік, тәрбиелік мәні зор әдістемелердің барлығын ұрпақ тәрбиелеу жолына бағыштаған. Ұлы бабаларымыздың бойынан қазақ халқының теңдесі жоқ бай қасиеттерін көруге болады.

Ата- бабаларымыз аталардың өсиет, нақыл сөздерін, әжелердің ертегісі мен аңыз, әңгімелерін, танымдық, ұлттық ойындарын, жұмбақ, жаңылтпаштарын  жаттап, естіп, үйреніп өскен. Мысалы, Ұлы ақын, ойшыл Абайдың жан-жақты дарын иесі болып қалыптасуына әжесі Зеренің әңгіме-ертегілері, әкесі Құнанбайдың кемеңгерлігі бала Абайдың жадына ұмытылмас әсер қалдырған. Ғасырлар тарихымызда мақтан тұтар ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, ұлт тұтастығын сақтап қалған үлгі алар ұлы тұлғалар, ата-бабаларымыз аз болмаған. Бесік жырынан басталатын ерлікке, отансүйгіштікке  баулыйтын дәстүрлеріміз де бабаларымыздан қалып жалғасын табуда. Өсіп келе жатқан ұрпақта салт-сананы көру арқылы ата-бабасының қалдырып кеткен бай мұрасын бойына сіңіріп, жеке тұлға ретінде қалыптасып, отбасының бір мүшесі ретінде жауапкершілігін сезінеді. Балаға үлгі-өнеге көресету біздің бабаларымыздан қалған міндетіміз.

 

0 пікір