ҰРЫ-ҚАРЫ БАСЫНҒАН ҚОҒАМ
ҰРЫ-ҚАРЫ БАСЫНҒАН ҚОҒАМ
29.04.2024 14:05
21
0

Қазіргі   таңда   ұрлық   жасау,   біреуді тонау,  ушығып тұрған қылмыстардың бірі.  Қоғамдық көлікте болсын, немесе пәтерге түсу арқылы үйді тонау болсын, аталмыш  қылмыстардың орын алғандығы туралы естіп жатамыз. Осы ұрлық қылмыстарының алдын алу  мақсатында  полиция   қызметкерлері  алдын – алу  іс – шараларын тұрақты түрде өткізіп жатса да,  ұрлық фактілері  тоқтамай келеді.  Адам бойында жаман да,жақсы да қасиеттер болады. Ата –анасы баласын өмірге әкелгенде жаман бала болсын деп тәрбиелемейді.Жақсы жағын көріп марқаяды,жаман десе қартаяды. Бесікте жатқанда әлди айтып жұбатсада
 Бармақтарың майысып
 шебер болар ма екенсің-  деп жақсылыққа баулиды,болашағынан көп үміт күтеді.
         Баланың қандай болуы отбасына да, жүрген ортасына да байланысты.Ата-ананың парызы баланы қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға соқтырмай өсіру. Алайда кейбір бала өскенде отбасынан алған тәрбиесін басқаға айырбастап жаман жолға түседі. Соның бірі ұрлық жасау. Оның арты неге соқтырарын білсе де сонымен айналысады.  «Ұрлық түбі - қорлық» –деп бекерге айтпаған,оның арты жақсылыққа апармасы анық.
         Біреудің тапқан табысын, еңбегін қанау барып тұрған азғындық. Бүгін тегін олжаға кенелгенмен оның да сұрауы бар. Жеңіл табыс оңай олжаға бату еріншектің іс әрекеті болып табылады. Отбасында көргенін кейбір бала қайталайды емес пе. Оны да баспалардан, телеэкрандардан көріп жүрміз.
Дайын ақша -  біреудің көз жасы,адал еңбегі, балаларының наны сенің қолыңда кетіп барады. Ол адамды отбасы асығып, ашығып күтіп отыруы мүмкін болар.
         Қылмыс – қоғам үшін қауіпті. Қылмыстық заңда бөтеннің меншігіне қол сұғу үшін жауаптылық меншік қатынастарына, қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып бөлінеді. Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп тараған және қоғамға едәуір қауіптісі – ұрлық.
Пайдакүнемдік мақсатта, меншік иесіне залал келтіре отырып, бөтеннің мүлкін қайтарымсыз, жасырын иемдену. Бұл қылмыстық іс-әрекеттер меншікке қарсы қылмыстар қатарына жатады, яғни жеке меншік иесінің меншігіндегі мүліктерді иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығына нұқсан келтіреді.
         Ұрлау арқылы мүлікті алғанда айыпты оны өз пайдасына немесе басқа адамдардың пайдасына айналдырады. Ұрлаған адам мүлікке өз меншігіндей билік жасайды, бірақ заң жүзінде ол меншік иесі бола алмайды, себебі меншік құқығын қылмыстық жолмен алу мүмкін емес.
Мемлекетімізде жеке меншік пен мемлекеттік меншік тең дәрежеде танылады және қорғалады. Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады. Әркімнің меншігіндегі мүлікті иеленуіне, пайдалануына және оған билік етуіне құқығы бар. Меншікке қарсы қылмыстар деп иелік ету құқығын бұзумен, меншік иесіне басқа да тәсілдермен, мүліктік зиян келтірумен немесе осындай зиян тигізуге қауіп-қатер жасаумен байланысты әрекетті айтады. Ұрлықпен өмір сүргенше, адал жолмен адамша нан жеген дұрыс шығар.
Барымташылықты атакәсібіне айналдырғандар елдегі төтенше жағдайды ұтымды пайдалануға барын салғандай. Түркістанда полиция спорт дүкенінен киімдер ұрлаған 3 жігітті ұстады. Нақтырақ айтқанда, Түркістан қалалық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 3 жас жігіттерді қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті жігіттер киім дүкенінде әдейі сатып алушы кейпінде келген. Олар өздеріне ұнаған бірнеше спорттық киімдерді киіну бөлмесіне апарып, ұрлыққа қарсы магниттерді шешіп тастаған.

Содан кейін ол киімдерді күртелерінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткен.

Қазіргі таңда күдікті жігіттердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

0 пікір