ҰСТАЗ БОЛУ - ҰСТА БОЛУ ДЕГЕН СӨЗ
ҰСТАЗ БОЛУ - ҰСТА БОЛУ ДЕГЕН СӨЗ
02.06.2025 15:11
54
0

Жайлаубай Назира Тыныштықбайқызы «Физика» пәнін оқытуда шығармашылық ізденісі мен ұстаздық жолда асқан жауапкершілік пен жаңашылдық танытып жүрген ұстаздардың  бірі.

 Шымкент педагогикалық институтын 1990 жылы бітіріп,  мамандығы бойынша бітіріп,   педагогтық қызметін Созақ ауданы, Шу ауылынан бастап, қазіргі таңда №78 жалпы орта білім беретін мектепте  2008 жылдан бастап  ұстаздық қызметін жалғастыруда.

 Ол  бүгінде педагог-зерттеуші санатындағы мұғалім. Сондай-ақ, 2020 жылдан бері Шымкент қаласындағы  Педагогикалық шеберлік орталығының филиалында   қосымша тренерлік қызмет атқара отырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға да өз үлесін қосып келе жатқан ұстаз.

42 жыл бір салада үзбей еңбек етіп келе жатқан Назира Тыныштықбайқызының шәкірттеріне берері көп.  Оның ұстанымы «өз сабағын сүймесе,оған өзі сүйсіне білмесе,ол шәкірт бойында да сүйіспеншілікті дарыта алмайды…» дегенге саяды.

#ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ #ЕҢБЕК_АДАМЫ_2025

0 пікір