"Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу басталды
"Яндекс.Таксиге" қатысты тергеу басталды
18.01.2022 12:26
68
0

Бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың шағымы бойынша "Яндекс.Такси" тексеріліп жатқанын мәлімдеді.

Айтуынша, Бас прокуратура агенттікпен бірлесіп, нарықтың 102 субъектісіне, соның ішінде сауда-саттық ұйымдастырушыларына қатысты тексеріс бастады.

"Қосымша жедел желі бойынша алынған шағымдар аясында агенттік "Яндекс. Такси" агрегаторына қатысты экономикалық қызметті үйлестіру белгілері бойынша тергеу тағайындады", - деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Сонымен қатар, хабарламаны орындамау фактісі бойынша "ЕТС-Тендер" тауар биржасының сауда алаңын ұйымдастырушысына қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.



Дереккөз:sputnik.kz

0 пікір