«ЗАҢ КЕРУЕНІ»: ТӨРТ КҮН ІШІНДЕ МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛЕДІ
«ЗАҢ КЕРУЕНІ»: ТӨРТ КҮН ІШІНДЕ МӘСЕЛЕҢІЗ ШЕШІЛЕДІ
01.11.2022 21:35
48
0
Шымкент қаласы №129 мектеп ғимаратында «Заң керуені» акциясы ұйымдастырылды. Оған Әл-Фараби ауданының «Сәуле»,«Текесу»,«Береке»,«Химфрам»,«Көркем» және «Ақтас» шағынаудандарының тұрғындары қатысып жатыр, деп хабарлайды dabylinfo.kz ақпараттық агенттігі.
Заң керуенінің құрамында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Ержан Марат, Әл-Фараби ауданының прокуроры Қантөре Хандиллаев, аудан әкімі Рашид Мыңбаев және 34 жергілікті атқару органының өкілдері бар.
–«Заң керуені» акциясы 1 қарашадан Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде басталды. Аты айтып тұрғандай бүгіннен бастап көшпелі топ қаладағы елді мекендерді аралап, тұрғындарға құқықтық, заңгерлік кеңес береді. Одан бөлек қала прокуроры мен орынбасарлары күнделікті белгіленген кестеге сай тұрғындарды қабылдап жатырмыз. Бүгінгі іс-шараның ерекшелігі тұрғындарға кеңес беруге қаладағы барлық мекеме бір жерге жұмылуында болып отыр, - деді қала прокурорының орынбасары Ержан Маратұлы.
Халықпен тікелей кездесуде, қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтармен бетпе-бет отырып, тыңдауда. Сонымен қатар кейбір тұрғындарға заң талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңес беріліп жатыр.
Бүгінгі акцияға 100-ден аса тұрғын келген. Олар инфарқұрылым, жерді заңдастыру, қоғамдық көлік, әлеуметтік төлемдер секілді мәселелердің шешімі жөнінде тиісті мамандардан кеңес алды. Акция 4 қарашаға дейін жалғасады.
Сонымен қатар Шымкент қаласының прокуратурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Ол жерге кез келген азамат барып, кезекші прокурорға өзінің сұрағын қойып талаптары мен арыздарын жеткізе алады. Сонымен қатар қала прокуроры, прокурордың орынбасарлары мен басқарма бастықтары азаматтарды қабылдауға дайын.
0 пікір