«ЗАҢ - СІЗ БЕН БІЗГЕ ОРТАҚ»
«ЗАҢ - СІЗ БЕН БІЗГЕ ОРТАҚ»
11.09.2024 15:09
19
0

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәр­тіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жол­дауын­да елімізде «Заң және тәр­тіп» қағидатын біржола орнық­ты­руда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Қыл­мыспен күрес, қоғамдық тәр­тіпті сақтау аса маңызды міндет екеніне тоқталып, Әділет­ті Қазақстанды құрудың бас­ты шарты заң мен тәртіптің үстем­дігін қамтамасыз ету екенін айтып, құқық қорғау органдарына құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне баса мән беруді міндеттеді.

          Осы ретте,   жастар саясаты бөлімі мен Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына сәйкес, «Заң - сіз бен бізге ортақ» тақырыбында Құқық қорғау органдарынын қызметкерлері мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері арасында кездесу өткізілді.
             Аталған шараны модератор, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Марат Бақытжанұлы Спатаев жүргізіп, шақырылған қонақтарды таныстырды. Кездесуге Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев, Шымкент қаласы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Бауыржан Қанатұлы Қарабеков, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқарма басшысы міндетін атқарушы, экономикалық тергеу қызметінің подполковнигі Дәурен Бөрібайұлы Тұрғынбай, Шымкент қаласы Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы кибер қылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Шыңғыс Нұржанұлы Жайлаубек және студенттер қатысты.
             Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жастарды кеңінен тарту, тұлғалық өзін-өзі дамытуға, патриотизмге, парасаттылыққа, жастарды еңбекке спортқа баулу.
Ары қарай сөз кезегін алған мамандар жемқорлық, алаяқтық факторларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, адалдық, парасаттылық құндылықтары жайлы, каржылық сауаттылық жайлы кеңінен таратып, айтып өтті.
                Іс шараның қорытындылаған модератор, Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Марат Бақытжанұлы Спатаев студенттерді парасаттылық пен адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез-келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге, адал болуға шақырды.

0 пікір