БАЛАЛАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
БАЛАЛАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ӨЗ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
27.05.2023 11:43
77
0

Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.

1 маусым “Балаларды қорғау” күніне орай Шымкент қалалық Еңбекші ауданына қарасты 12-ші шағынауданда орналасқан спорт алаңшасында «Көңілді старт» атты аула чемпионаты спорттық іс-шарасы өтті. Спорт әлеміне баланың ынтасын арттыруға арналған аула жастары арасындағы жарыс қызықты, әрі тартысты болды.

Еңбекші ауданы әкімдігінің қызметкерлері және қалалық спорт және дене шынықтыру басқармасының мамандары белсенді жастарға қолдау көрсетті.
Аталған іс-шараның мақсаты жастар арасында бұқаралық спортты насихаттау, балаларды спортқа баулу, әр бір ауладан спорт чемпиондарының шығуына үлес қосу.
Аталған іс-шараларда спорттың 7 түрінен 1,2 және 3 орын алғандарға медальдар мен алғыс хаттар табысталды.
Айта кетейік, 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Боранбай Болатбеков брифинг барысында мәлімдеді. Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Қазіргі уақытта Тұран ауданында 92 ашық спорт алаңшасы бар. Сонымен қатар, аудан аумағында жаңадан 4 ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір