БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ СӨЗ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ СӨЗ ЖӘНЕ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ
04.10.2023 12:05
36
0

 Ағымдағы 2023 жылдың 3-қазан күні, Түркістан қаласы әкімдігінің «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен, Түркістан қаласындағы №2 Хамза атындағы ЖОМ, №10 Әл-Фараби  атындағы ЖОМ, №11 Ж.Жабаев атындағы жалпы орта мектептерінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

​Жалпы ақпараттық түсіндірме жұмыстары келесідей тақырыптарды қамтыды:

​1.  Балалар мен жастардың сөз және мінез-құлық мәдениеті

​2. Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизм мен теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алу.

​Жалпы кездесуді – Түркістан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының бөлім басшысы – Ж.Жорабек және Түркістан қалалық Жастар ресурстық орталығының социолог маманы – Д.Нысанбаева, теолог маман – Ж.Амангелді жүргізді.

​Адам өмірге келген сәттен бастап үлкен әлеуметтік ортаға тап болады. Оның осы ортада өзін нық, еркін сезінуі мен үйлесімді дамуы үшін кӛптеген факторлар қажет. Қазіргі көпмәдениетті қоғамда балаға сырттан әсер етуші жағдайлар оның жаңа қалыптасып келе жатқан тұлғасына ауқымды әсерін тигізеді. Қазақтың ұлы ойшылдары мен ағартушыларының бізге қалдырған еңбектерінен қазіргі кезде қоғамымызды толғандырып отырған жалпы азаматтың мұраттар, адамгершілік мәселелеріне жауап табамыз. Мысалы, ұлы Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге”, «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ», т.б. адамгершілік сырға толы өлеңдері мен поэмалары, қара сөздері. К.Шәкәрімнің «Жастарға», «Анық пен танық», «Талаппен ақыл», «Адамшылық», т.б. өлеңдері, А.Байтұрсыновтың «Анама хат», «Адамдық диқаншы», «Тарту», «Қазақ салты» сынды алып ақындарымыздың дана ойлары мен өсиеттері бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің бай қазынасы болмақ.

0 пікір