БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
БИЗНЕСТІ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ  ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
15.09.2023 16:32
28
0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру барысында  Түркістан қаласы әкімдігінің “Бизнесті қолдау және туризм бөлімі” мекемесінің ұжымы жолдауды талқылады. Бұл жиынға Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен  қалалық мәслихат депутаты Абусеитов Бегахмет, Бақдәулет Тұрманов қатысты.  Жолдауды тыңдау және талдау барысы еркін форматта ұйымдастырып, барша қатысушылар өз ойын еркін айтты.

Еліміздің саяси-экономикалық дамуына жаңа серпін беретін ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауында көптеген үміттерге жол ашып отыр.Жолдаудың  негізгі  бағыттарының бірі  елді дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мемлекеттің ішкі сыртқы саясатында өз бірегей бағыты болуына ерекше мән берілген болатын.

Сонымен қатар жиын барысында , кейбір шешілмеген, қазіргі уақытта түйткілді болып отырған мәселелер көтеріліп, оның шешімін табу жайы нақты сараланған болатын. Қай кезде де елдің өркендеуі әр саладағы кадрлардың біліктілігіне, ізденіс пен іскерлігіне байланысты болуы анық фактор болып табылады.

Шағын және орта бизнесті отандық өнімді өндіру арқылы дамыту, туризм саласын қолдау, импорттан экспорт бағытына басымдық көрсетуімен,елдегі жер үсті, жер асты байлықтарын тиімді пайдалану бағытымен, атқарушы органдарды бюрократия қыспағынан шығарып, дербес шешімдер қабылдау еркіндігін беруімен экономикалық жетістіктерге жеткізе алатыны белгілі. Жиынға қатысушылар Жолдауды кеңінен талқылап, кейбір тұстарына тоқтап, өз ойларымен бөлісті.

Еске сала кетейік, Президентіміз жолдауда Креативті индустрия субъектілері өндіріс ерекшелігіне байланысты кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына толық қатыса алмайды, қаржылай көмек те ала алмайды. Оларға қолдау көрсетуге арналған шаралардың жеке топтамасын әзірлеу қажет деп санаймын. Енді орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне тоқталғым келеді. Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейді. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды.Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп, негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдауға тиіс- деп айтқан болатын.

0 пікір