ЖОЛДАУ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ
ЖОЛДАУ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ
18.09.2023 17:45
25
0

Жолдау Түркістан қаласының жастарына түсіндірілді.

Түркістан қаласы, Ішкі саясат бөлімі, Түркістан қаласы  Көпсалалы индустриалды-техникалық колледжімен бірлесе отырып, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒДАРЫ» атты жолдауы бойынша оқытушылар және студент жастармен кездесу өткізді.

 

Жиынға қалалық жастар орталығынан арнайы келген Тургунова Дариға, колледжіміздің тарих пәнінің оқытушысы Сүлейменов Мұхит пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысумен өткен бұл бас қосуда студенттер мен мұғалімдерге Жолдау насихаталды.

 

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауында елімізді дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық басым бағыттар жайында айқындалғаны оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі, туризм, ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, жасыл экономика, цифрландыру және басқа да салаларға қатысты атқарылатын жұмыстар нақты айтылды.

 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы жолдауда

Реформаның басты мақсаты – экономикамыздың тұрақты өсімін 6-7 пайызға жеткізу және 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көлемін 2 есеге ұлғайту, яғни 450 миллиард долларға жеткізу екенін.

Бәріне бірдей мүмкіндік беретін өркениетті ел – Әділетті Қазақстанды құру екенін тілге тиек еткен болатын . Заң және тәртіп, өзара түсіністік, тілектестік пен жауапкершілік бәрінен биік тұратын тиімді мемлекет болуымыз керек екенін. Қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген арандатушылық әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет екенін  айтып өткен болатын.

0 пікір