МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ОРНЫНА САЙЛАУ ӨТЕДІ
МӘСЛИХАТТАРДЫҢ ШЫҒЫП ҚАЛҒАН  ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ОРНЫНА САЙЛАУ ӨТЕДІ
28.08.2023 12:35
19
0

Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес тиісті аумақтық сайлау комиссиялары шығып қалғандардың орнына сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды тағайындайды, округтік және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық жасайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды, мәслихаттардың депутаттарын сайлауын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Округтік сайлау комиссиялары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыруды мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты, сондай-ақ олардың қызметiнің Сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады. Сонымен қатар өзінің интернет-ресурсында 11 өңірде 21 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау бойынша жалпыланған ақпарат беретін болады:

1.Абай облысы

2.Ақтөбе облысы

3.Алматы облысы

4.Алматы қаласы

5.Жамбыл облысы

6.Жетісу облысы

7.Қарағанды облысы

8.Маңғыстау облысы

9.Павлодар облысы

10.Солтүстік Қазақстан облысы

11.Шығыс Қазақстан облысы

Еске сала кетейік,  Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну а.ғ. 30 тамыздан бастап 28 қыркүйектің сағ. 18:00 дейін өтеді. Кандидаттарды тіркеу а.ж. 3 қазанда сағ. 18:00 аяқталады.

0 пікір