Президент жолдауы халық қолдауы
Президент жолдауы халық қолдауы
29.10.2023 12:58
29
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауында мынадай мәселелерге тоқталып кетті. Осы орайда өз елімнің азаматы ретінде жолдаудан бірнеше бағыттарды атап өткім келеді.

  1. Білім беру сапасын арттыру. Өйткені ауыл мектептері арасындағы орта білімнің сапасы алшақтап бара жатқандығы. Сонымен қатар ауылдық жерлердегі білікті педагог кадрлардың тапшылығы. Осыған байланысты «Дипломмен – ауылға» бағдарламасын іске асыру керектігін тілге паш етті. Сондай-ақ дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек.  
  2. Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыру. Келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өсетіндігін айтып кетті.
  3. Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне орай, Мемлекет басшысы ретінде шетелдіктерге сатылмайтынын айтып кетті.
  4. Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыру.
  5.  Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту
  6. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі
  7. Үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет

Жолдауда сондай ақ «Азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деп аталды. Мұнда Мемлекет бас­шысы сот шешімдерінің сапа­сын жақсарту, ауыр қылмыстың жазасын күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес, құқық қорғау жүйесін толыққанды реформалау, жауынгерлік қабілетті әскер қалыптастыру керек екендігі баяндалды.

Әлеуметтік қамтамасыз ету сала­сында мүгедектерді қолдауды, бала­лар құқығын қорғауды күшейту, бұқа­ралық спортты дамыту, халықтың аз қамтылған топтары үшін баспана қол­жетімділігін арттыру, әрбір елді мекен­дегі ең өзекті инфрақұрылымдық мәсе­лелерді шешу маңызды бастама.

Мемлекет басшысының саяси кеңесшісі ретінде қоғамдық диалогты дамыту, азаматтық диалогты күшейту туралы бастамаларын ерекше атап өтер едім. Әрине шағын және орта бизнесті дамыту бастамасының да маңызы ерекше. 

Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалған және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылып отыр. Президент мемлекеттің тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабардар екендігін сенімді түрде паш етті.

Соңғы сөзін Ұлы Абай өзінің алтыншы қара сөзінде «Бірлік – ақылға бірлік», және Тұңғыш Президент Елбасымыздың «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөзі – біздің айнымас қағидасымен қорытындылады.

Еске сала кетейік,Мемлекет басшысы  2022 жылы Астана қаласында өткен, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінде:

 – Қазіргі уақытта 100-ден астам этнос Қазақстанда өзара түсіністік пен келісім жағдайында өмір сүреді. 18 конфессияның 4 мыңға жуық діни бірлестігі еркін жұмыс істеп жатыр. Мұны біздің баға жетпес байлығымыз әрі мызғымас басымдығымыз деп санаймыз. Съездің өткізілуі – еліміз бен бүкіл әлемде диалог пен ынтымақтастықты нығайтуды көздейтін Қазақстан саясатының маңызды бағыты. Бұған дейінгі форумдарда қабылданған декларацияларда қандай идеялардың атын жамылғанына қарамастан радикализм, зорлық-зомбылық пен қақтығыстар әрдайым сынға алынды. Қазіргі күрделі жағдайда діни көшбасшылардың бір үстел басына отырып, кез келген қайшылықты еңсеретін ізгі амалдың үлгісін күллі әлемге көрсетуі аса маңызды.  Менің ойымша, біздің съездің басты миссиясы мен ерекшелігі осында, – деген болатын.

 

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің  

маманы Қ.Салықбаев

0 пікір