ҚР ОСК ЖАНЫНДАҒЫ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕС ЕҚЫҰ / ДИАҚБ МИССИЯЛАРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТТІК ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУДЫ ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
ҚР ОСК ЖАНЫНДАҒЫ САРАПШЫЛЫҚ КЕҢЕС ЕҚЫҰ / ДИАҚБ   МИССИЯЛАРЫНЫҢ      ПРЕЗИДЕНТТІК ЖӘНЕ ПАРЛАМЕНТТІК САЙЛАУДЫ ҚАДАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
29.08.2023 17:40
23
0

2023 жылғы 28 қыркүйекте Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен ҚР ОСК жанындағы Сарапшылық кеңестің үшінші отырысы өтті, онда 2022 жылғы 20 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын және 2023 жылғы 19 наурызда өткен мерзімінен бұрын парламенттік сайлауды қадағалау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының қорытынды есептері талқыланды. Осы есептерді талқылау бойынша пікірталас үзіліссіз бес сағатқа созылды.

Отырысқа қатысу үшін оның басшысы Фолкер Фробарт бастаған Астана қаласындағы ЕҚЫҰ кеңсесінің өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Бас прокуратураның, әділет, мәдениет және ақпарат министрліктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Сарапшылық кеңестің құрамына конституциялық және басқа да құқық салаларының белгілі ғалымдары, әлеуметтану, саясаттану сарапшылары және сайлау саласының практиктары кіреді. Кеңес сарапшылық қоғамдастықты сайлау заңнамасын жетілдіру, құқық қолдану практикасын талдау және сайлау жүйесін одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тарту мақсатында құрылды.

ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров өзінің кіріспе сөзінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссияларының ұсынымдары мүдделі мемлекеттік органдармен мұқият зерделеніп, талқыланатынын және дәстүр бойынша Сарапшылық кеңестің талқылауына шығарылғанын, онда жекелеген ұсынымдардың анық полемикалық сипатқа ие екендігін ескере отырып, әртүрлі пікірлер айтылатынын атап өтті.

Нұрлан Әбдіров екі есепте 18 басым ұсыныс бар екенін, олардың кейбіреулері қайталанатынын айтты. Осыған байланысты отырысқа қатысушылардың ыңғайлылығы үшін оларды 11 тармаққа біріктіру туралы шешім қабылданды.

                                                                                                    

0 пікір