ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ
ТҮРКІСТАН: ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ «ҰЛТТЫҚ БҰЙЫМ – ҰЛТ МҰРАСЫ» БАЙҚАУЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҚОЛӨНЕРІН ҰЛЫҚТАДЫ
28.09.2023 16:25
30
0

Бүгін Түркістан қаласындағы «Этноауыл» кешенінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында және Түркістан облысына 5 жыл толуына орай, этнос өкілдері арасында қолөнер бұйымдарын дәріптеу мақсатында «Ұлттық бұйым – ұлт мұрасы» байқауы өтті.

Елдік құндылықтарды ұлықтаған шарада сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бақыт Ахымбетов байқаудың маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақтың болмысын бойына сіңіруде. Елімізде қазақтың салт-дәстүрін ұстанатын өзге ұлт өкілдері өте көп. Қазақстан олар үшін туып-өскен, ержеткен, білім алған, отбасын құрған қастерлі мекені, Отаны болып саналады. Дәстүрлердің осылайша бітеқайнасуы, этносаралық және конфессияаралық келісім, өзге мәдениетке толерантты болу – біздің баға жетпес байлығымыз, қазіргі тілмен айтсақ, ұлттық брендіміз» деген болатын. Түркістан - көне замандардан бері қолөнердің орталығы болған. Бүгінгі шараның басты мақсаты – этнос өкілдерінің қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылықтарын арттыру, сонымен қатар жасалынған туындыларын көпшілікке жария ету арқылы өнерлі, шығармашыл этнос өкілдерінің белсенділігін арттыру. Бұл байқау ұлттық құндылықтарымызды этнос өкілдері арасында кеңінен дәріптеп, бірлігімізді бекемдей түседі деген сенімдеміз, – деді Бақыт Сәрсенбайұлы.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір